Аудан бойынша 2017 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

«Ырғыз ауданының жергілікті атқарушы органдарымен
көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы»
Ырғыз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аудан әкімі аппаратының 16 құрылымдық бөлімімен көрсетіліп келеді. Оның 7-уі ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары болып табылады.
Сонымен бірге, аудан әкімі аппаратында мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімі: онда 1 бөлім басшысынан басқа 1- бас маман және 1-жетекші маман қызмет жасайды.
Аудан бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 2017 жылы 74642-ні құрады. Оның ішінде:
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы -925;
- Баламалы түрде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 3436 немесе 98,4%;
- Тек қана мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 1173 немесе 99,7%;
- «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде көрсетілуі тиіс қызметтердің көрсетілген үлесі 8,7% немесе барлық электронды форматта көрсетілуі тиіс қызметтерге қабылданған 69072 өтініштің 5979-ы «электронды үкімет» порталы арқылы, ал қалған 63093-сы мекеме арқылы көрсетілген. Дегенмен, қолжетімді (веб-порталда мүмкіндігі қарастырылған) қызметтер бойынша электронды түрде көрсетілген қызметтерді тұтынушылардың үлесі 81,1% немесе қабылданған 7376 өтініштің 5979-ы «электронды үкімет» порталы арқылы, ал қалған 1397-сі мекеме арқылы көрсетілген.
2016 жылдың 22 желтоқсандағы аудан әкімдігінің №122-ө өкімімен бекітілген «2017 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына ішкі бақылау іс-шаралары жоспарына» сәйкес есепті кезеңде 39 мемлекеттік мекемеге жүргізілген ішкі бақылау шаралары нәтижесінде жіберілген кемшіліктерді жою және қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде берілген барлығы 73 ұсыныс орындалды. Ведомстволық бағынысты ұйымдардағы 8 жауапты маман «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Ақпараттық стендтер үнемі (жаңа қабылданған стандарттармен, регламенттермен) жаңартылып отыр. Ішкі бақылау нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша іс-шаралар жоспарлары бекітілді.
Аудан әкімдігінің ресми интерет-ресурсында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттар мен есептер орналастырылды және жаңаланып отырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу бойынша 2 факті орын алды және жауапты мамандарға «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.
Лицензиялауға қағаз түрінде өтініштер түскен жоқ.
«Мониторинг» АЖ-де уақытылы көрсетілмеген мемлекеттік қызметтер ретінде өтініш тіркелмеді, мемлекеттік қызмет көрсетуге келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту, қарау мерзімдері бұзылған мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны барлығы 35, оның ішінде: 351 адам қамтылған 16 семинар-кеңес өткізілді және аудандық жергілікті газетте 19 мақала жарияланды. Одан басқа, азаматтармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында аудандық жергілікті атқарушы органдармен 7 рет «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты 12 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2018 жыл үшін аудандық жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оларға бақылау шараларын жүргізу іс-шараларының жоспарлары мен «Ашық есік күні» акциясын өткізу жоспар-кестесі бекітілді.