«ҚАУЫРТ ЖЕЛІ 114»

Азаматтардан және ұйымдардан
діни салаға қатысты барлық сұрақтар бойынша
ақпарат қабылдау, сондай-ақ деструктивті
діни қызметтен зардап шеккендерге кеңес беру
және психологиялық көмек көрсетуге арналған
«ҚАУЫРТ ЖЕЛІ 114»
Ақпараттық-кеңесшілік орталығы
Орталық келесі жағдайларда кеңес беріп, телефон қоңырауларын қабылдайды:
· Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;
· Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;
· Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;
· Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысуды ұсынған болса;
· Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;
· Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;
· Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшыраған болса;
· Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса.
Кеңес беру кәсіби заңгерлер, теологтар, дінтанушылар және психологтармен тәулік бойы және дербес жүргізіледі.
Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.
ҚАУЫРТ ЖЕЛІ – 114
Азаматтар мен ұйымдардан діни салаға қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат қабылдауға, сондай-ақ деструктивті діни қызметтен зардап шеккендерге кеңесшілік және психологиялық көмек көрсетуге арналған
Хабарласыңыздар, егер:- Сізді немесе Сіздің жақындарыңызды түсініксіз діни ойларды қабылдауға мәжбүрлеген болса;- Сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың таратылуы туралы белгілі болса;- Сізбен немесе Сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізгісі келсе;- Сізге немесе Сіздің жақындарыңызға діни жоралар мен іс-шараларға қатысудыұсынған болса;- Сізді діни бағыттағы күдікті жиындар мазалаған болса;- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз күдікті адамдардың не діни бағыттағы ұйымдардың ықпалына түскен болса;- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз діни мәселелерге байланысты қиын жағдайларға ұшырағанболса;- Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз дін саласындағы мамандардың кеңесі мен көмегін қажет ететін болса. Біз Сіздердің барлық сұрақтарыңызғажауап береміз және көмек көрсетеміз!Сіздер үшін заңгерлер, теологтар, дінтанушылар,психологтаржұмыс істейді.Кеңес беру тәулік бойы және дербес жүргізіледі.Қоңыраулар Қазақстанның кез-келген нүктесінен тегін қабылданады.
Қауырт желі
Дүниеде ет жақыныңның, я бір жақсы көретін қимас жаныңның теріс ағымның шылауында кетіп бара жатқанын көре тұра шарасыз болудан асқан қиындық жоқ шығар, сірә?! Қайраны жоқ, алысып-айтысарға діни сауатының жетімсіздігі дәрменін кемітіп, пұшайман күйге түскендер санының, өкінішке қарай, жыл сайын кемитін түрі жоқ. Қоғамға түскен зіл-батпан салмақ қаншама отбасыға ойранын салуда. Не істеу керек, осы бір қасіретті, қалыңдай түскісі келіп тұрған қалың тұманды қалай сейілтуге болады?
Пошта жәшігінен ай сайын комму­налдық қызмет түрлеріне келетін төлем хабарламасын алғанмын. Конвертті ашқанымда ішінде хабарламаға қосымша қағаз жүр екен. Жазуына үңілдім. Егер сіздің жақын адамыңызға әлдеқандай бір түсініксіз діни уағыздар айтушы барын білсеңіз немесе пәтеріңіздің есігін қағып, болмаса подъезіңізге кіріп, көлікте отырғаныңызда діни мазмұндағы әдебиеттер, үнпарақтар тарату мәлім болса, егер сізді діни басқосулар мен жиындарға ке­луді үгіттесе, жақыныңыз жат ағым­ның шылауына түссе, бізбен хабарласыңыз деп «Қауырт желі» атты Ақпараттық кеңес беру орталығының жұмыс істейтінін, оның 114 нөміріне тегін телефон шалуға болатыны туралы жазылған екен.
Төлем хабарламасына Орта­лықтың телефоны жазылған па­рақты қосып жіберуді қалай жақсы ойлап тапқан, қажет адамды құлақтандырудың әде­мі әдісі екен деп іштей сүйсіндім. Телефон шалып, игілікті іс бастауларына ризашылығымды білдіріп, хабарласып жатқандардың бар-жоқтығын сұрадым. Орталықтың басшысы Юлия Денисенко мені қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететінін айтты.
Сонымен, орталық қалай жұ­мыс істейді? Кеңес беру 24 сағат бойына үзбестен жүргізіліп, маман заңгерлер мен теологтар, дінтанушылар мен психологтар телефонмен де, жүзбе-жүз де, компьютер арқылы www.1401.kz. желісінде онлайн түрінде де көмек қолын созады екен. Тек Астана ғана емес, Қазақстанның қай елді мекенінен де қалалық телефонға хабарласу тегін.
Күн сайын ондаған адам мұңын шағып, қажет тұста барлық мамандар қысылған жанға біріге жәрдем көрсететін Орталыққа тек осы жылдың бірінші тоқсанында 500-дей адам хабарласқан көрінеді. 1200-дей азамат отбасыларында діни ағымның ықпалынан проб­лемалар туындағанымен ортақтасқан. Адасқан адамды қайыра үйіріне қосу – өте бір жауапты да күрделі әрі нәзік жұмыс. Кейде оның толыққанды өз ортасына оралуына көп уақыт жұм­салады деген Орталық мамандары 69 өтініштің құқық қорғау саласына жіберілгенін, ал 4-уі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
Діни теріс ағым салған лаң отбасыларды іштен ірітіп, кейде адамдардың өзіне өзі қол салуларына да итермелейтінін айтқан мамандар бүгінгі таңда еліміздің көлемінде 28 осындай Орталықтың жұмыс жасап жатқанынан хабардар етті.
Есіңізге саламыз, телефон нөмірі – 114.
«ҚАУЫРТ ЖЕЛІ» 114 «ГОРЯЧАЯ ЛИНИЯ» для приема от граждан и организаций информации по всем вопросам, касающимся религиозной сферы, а также оказания консультативной и психологической помощи пострадавшим от деструктивной религиозной деятельности Звоните, если: - Вам и Вашим близким навязывают непонятные религиозные идеи; - Вам стало известно о распространении сомнительных религиозных книг, журналов, брошюр, листовок, в том числе на улицах, подъездах, квартирах, транспорте; - с Вами и Вашими близкими пытаются вести подозрительную агитацию на религиозные темы; - Вам и Вашим близким навязчиво предлагают участвовать в религиозных обрядах и мероприятиях; - Вас беспокоят подозрительные собрания религиозного характера; - Вы и Ваши близкие попали под влияние сомнительных людей либо организаций религиозной направленности; - Вы и Ваши близкие оказались в трудной жизненной ситуации из-за проблем религиозного характера; - Вы или Ваши близкие нуждаются в консультации и помощи специалистов в сфере религии. Мы ответим на все Ваши вопросы и окажем помощь! Для Вас работают юристы, теологи, религиоведы, психологи. Консультирование ведется круглосуточно и конфиденциально. Звонки из любой точки Казахстана принимаются бесплатно.