Вопрос-ответ

Ақтөбе олысының әкімі Б Сапарбаев мырзаға Ырғыз ауданы Әбілхайырхан көшесі № 105 үйдің тұрғыны Айтжанов Саматтан тел. 8 713 43 21 7 20 Мен ауданда болып жатқан заң бұзушылықтар жөнінде аудан прокурорына арыз жазбай тұрып аудан әкімінің білім саласы бойынша жауапты орынбасары А.Шахинге әдейі барып бірнеше рет аудан мектептерінің оқушы балалары тоңып отыр мұғалімдер тоңып дірдектеп жүр мектептер салқын жоспарлы сабақтарды қысқартып балалар ауырып жатыр салқынан деп айтқанымда А.Шахин маған менің шаруам жоқ деді.Ал мектепке жағылатын солярканың орнына мазут жағып жатыр дегенімде А.Шахин тағы да менің шаруам жоқ деді.Сонда ол кімнің шаруасы?Қазір істі болып сұйық отынға қатысты жауап беріп жатырған тек бұрынғы білім бөлімінің басшысы Н.Жүсіпов пе,неге А.Шахин жауап бермейді? Неге мектеп директорлары мен мектептің шаруашылық меңгерушілері ,бала бақша меңгерушілері сотта куә ретінде келген мазутты солярка деп деп жасырып Н,Жүсіповпен бірге сыбайлас жемқорлыққа барып отыр.Неге заң алдында жауап бермейді? Т,Жүргенов атындағы орта мектеп 2014 жылы күрделі жөндеуден өтті бірақ атағы ғана төбесінен су ағып жарлары құлап тұр мектеп жұмысшылары жаңбыр жауған сайын жөндейді,Осыларды көріп біле тұра қабылдап алған білім бөлімінің басшысы мен ауыл әкімі Ж.Толебай және мектеп директоры .Осылар неге эаң алдында жауап бермейді? Ауданға екі жылда бір рет тексеру келеді,бұндағылар неше күн қонақ қылады,саунаға апарады,үй тігіп далаға апарып жайлайды ішкізіп,жегізіп шығарып салады. Осындай заң бұзушылық сыбайластық Ырғыз ауданында барлық салада да жайлап кеткен.Сізден сұрарым ауданды тугелдей тексеруді өзіңіз басшылыққа алсаңыз екен.


Сіздің атыңыз: Гүлмира
Сіздің e-mail: gamma.22@mail.ru
Сұрақтың тақырыбы: Коммуналдық
шаруашылық
Өтініш білдіру мәтіні: Сəлеметсізбе!Сізге
қояр сауалым бар еді,ауданымыздың ауыз
сумен қамту мекемесінің жұмыс жасау
режимі жайында,осы айдан бері неге күндіз
ауыз су дұрыс берілмейді,күн болса 45
градус ыстықты көрсетіп,елдің еккен
бақшасы қурап жатыр,одан қалды мына
ыстықта ішетін осы ауыз суғой,дүкеннен
салқын су алып ішуге кімнің қалтасы
көтереді,естуімше жаңа бастық ауысқан
деген сияқты,ол Азаматымыз аудан Халқының
жағдайын түсінема?!неге түңгі 12:30/1 де су
береді,біз демалмаймыз ба сонда,міне
сағат 1:50 мен мұздай сумен бақшамды суарып
жатырмын,бала шағамды оятып алып ертең
күндіз ақпайды деп...бұндай жерге елдің
жағдайын білетін жергілікті тұрғын басшы
болғаны дұрыс деп ойлаймын.Жауабын
берерсіз деп күтемін...қанша жерде стройка
жүріп жатыр,осы су үшін тоқтап тұр
жұмыс,ертең ақ күз келеді,осыны
ескерерсіздер деп ойлаймын...


Сіздің атыңыз: Бахманов Мәлік Шамшадинұлы
Сіздің e-mail: bmsh83@mail.ru
Сұрақтың тақырыбы: Мемлекеттік
органдардың жұмысы туралы (мемлекеттік
қызмет көрсету)
Өтініш білдіру мәтіні: Құрметті Мәди
мырза! Сізбен жұмыс барысы бойынша
жолыққым келіп еді алайда өзім Ақтөбе
қаласы әкімдігінің мәдениет және
тілдерді дамыту болімі ММ бас маман болып
жұмыс жасайтындықтан еш уақытым болмай
жүр. Өзім Ырғыз ауданы Қызылжар селеолық
округі Жаныс би ауылында туып өстім.
Қазіргі кадрлық өзгерістерге байланысты
Қызылжар ауылдық округі әкімінің орыны
бос тұрғандығын естідім. Мен өзімнің туып
өскен жерім Ырғыз ауданына барып жұмыс
жасағым келеді және ауданның өркендеуіне
өз үлесімді қоссам деген ойдамын. Егерде
сіздің тарапыңыздан қолдау болса ауылдық
округке немесе басқа да лауазымды
орындарға ұсыныс болса барып қызмет етуге
дайынмын! Менің өтінішімді қолдайды деген
ойдамын. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін!
87027869483


Аудан Әкімі Елеусізов Мәди Қанатбайұлынан көмек сұраймыз. Аудандағы келеңсіз жағдай xалықтың мазасын алуда! Ауданда белгісіз жәндіктер толып кетті солардың кесірінен xалықтың мазасы қашты үйді улау жұмыстарын жүргізгеннен ешқандайда пайда болмай отыр ақшанын барі босқа желге ұшуда ! Сондықтан сізден ауданда жаппай улау жүмыстарын жүргізуіңізді сұраймыз?


Менің ұлым Ахмет Дәулет Нұрғалиұлы 2016 жылы Астанадан ЕНУ сәулет-құрлыс мамандығы бойынша жоғары білімді дипломын алып келді. Мемлекеттік қызметке орналасуға сынақтан өтіп, сертификатын алып келді. Аудан әкімшілігіне қажетті құжаттарын 03.10.2016ж тапсырған болатын. Конкурс жарияланатын уақытта хабарын береміз деген. Содан бері кутіп үйде отыр. Конкурс қашан жарияланады? Оны қашан, қалай білуге болады? Жұмыссыздыққа тіркелгеніне 3 айдай болды.


Құрметті Мәди Қанатбайұлы!
Облыс әкімі Б.Сапарбаевтің бастамасымен
биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай
Ақтөбе қаласында «Туған жерім-нұрлы елім»
атты тақырыппен аудан күндері
ұйымдастырылып өтіп жатқаны барша Ақтөбе
қаласының тұрғындарына белгілі. Осындай
тақырыпта 2-3 қыркүйек күндері Ақтөбе
қаласында Ырғыз күндері
өтті.Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған
Ырғыз ауданының күндері аясында шаралар
бірінен соң бірі өз үйлесімін тауып
жалғасып жатты.Тәуелсіздіктің 25 жылдығы
аясында ұйымдастырылып өткізіліп жатқан
бағдарламаға аудан жастарыстуденттер
және басқа ауданның студентері мен
жастарын жатсынбай мерекелік шараларға
тартып, қаз қатар тігілген ағаш үйлерден
дәм татқызып ерекше ізеттілік көрсетті.
Ырғыз жерінде болмасақта Ырғыз ауданының
күндеріне достарымызбен бірге барып
«Туған жерім-тұғырым» атты С.Бәйішов
атындағы кітапханада Ырғыз ауданыныан
шыққан ғылым-білім,әдебиет,өнер
саласындағы ағаларымыздың салмақты
сөздерінен ғибратты ой түйдік деп
ойлаймын. Ертеңінде Тұңғыш Президент
саябағында Ырғыз ауданы өнерпаздарының
«Жармола жаңғырығы» атты қойылымын
тамашалап Ырғыздың тарихы тереңнен
бастау алып,қиын-қыстау кезеңді бастан
өткерсе де әнімен жырын,палуанын
құрметтеп бір ауыз сөзге тоқтап
қазақылықтың қаймағын жоймаған ел
екендігі көрінді. Аудан күндері аясында
ұйымдастырып өткізілген шараларға
жатсынбай досындай ізеттілік көрсеткен
барша Ырғыздықтарға және аудан
әкімдігіне Шалқарлық жастардың атынан
алғысымызды білдіреміз.Сіздерге көп-көп
рахмет! Ырғыз ауданы күндері аясында
шараға барысында Ырғыз туралы айтылған
өлеңнің қайырмасы құлағымда күмбірлеп,
жүрегімде жатталып соңғы буындарын
өзімше өзгертіп әнге қосып айтатын
болдым.
Ұлдары – дүлдүл, қыздары – жұлдыз,
Қағады сыңғыр, ақ өзен Ырғыз.
Жүрсекте қайда, өзіңмен бірміз,
Достыққа берік осындай Ырғыз!
Ақтөбе көпсалалы «Болашақ» колледжінің
студенті Құдабай Нұрсерік


Өтініш білдіру мәтіні: Саламатсыз ба! Ырғызға 2005 жылы көшіп келдім. Ырғыз аудандық ауруханада дәрігермін. Биыл 11 жыл болды тұрғын үй берілгеніне. Ешқандай құжат жоқ. Енді ауылға газ келіп жатыр. Соған газды қалай кіргіземіз? Біз тұрған үй жекешеленбей ме? Үйдің сыртын ақ кірпішпен қаптап кредитті айлығымнан төлеп отырмын . 10 жылдан бері жөндеу жұмысымен айналысып келеміз. Жекешеленбесе шығынымды қалай өндіріп алам? Жекешеленетін болса қандай құжат дайындау керек? Жауабыңызға алдын-ала рахмет.


Мен Жамбыл облысы Байзақ ауданынан сізге хат жолдап отырмын. Орыс тілі пәні мұғалімі. 1998 жылы Өзбекстан Республикасы, Навоии облысы Тамды ауданынан осы аталған ауданға қоныс аударған болатынмын. Содан бері үкімет тарапынан ешқандай көмек алған емеспін, сол себептен әлі күнге дейін тұрғын үй мәселесі шешілмей келеді. Сіз басқарып отырған ауданға қоныс аударсам, қандай көмек бере аласыз. Жолдасым жоғары санатты дене тәрбиесі пәні мұғалімі. Екі баламда Жамбыл мемелекеттік педагогикалық институтында студент болашақ мұғалімдер. Екі балам мектеп жасында.Осы хатымды жауапсыз қалдырмайды деген сенімдемін.