«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ
Пандемияға байланысты төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындары, түрлі салаларында қызмет жасайтын азаматтар аянбай еңбектеніп, індеттің бетін қайтаруға үлкен үлес қосты. Бүгін аудан әкімі Аққанат Шахин Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығы бойынша марапатталған бірқатар азаматтарға «Халық алғысы» мерекелік медалін табыстады. Аудан басшысы марапат иелеріне алғысын білдіре отырып, қызметтеріне табыс тіледі.