ЫРҒЫЗ АУДАНЫ АМАНКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ - МОНИТОРИНГ

ЫРҒЫЗ АУДАНЫ АМАНКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАҚЫЛАУ - МОНИТОРИНГ
2020 жылдың 5- қазан күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округінде құрлыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 2- нысанның құрлысына бақылау- мониторинг жасау үшін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Бисенбаев, аудандық мәслихат хатшысы К.Қосаяқов бастаған топ мүшелері барды. Бақылау- мониторинг жүргізілген 2- ші нысан «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Ырғыз ауданы Жарма ауылындағы су құбыры желілерінің құрлысы.
Мердігер компания ЖШС «Өтес Ақтөбе» су құбыры желісінің – 9523 метрге трубаларын салып тексерген, 5840 метрлік – Электр желілерін толық аяқтаған, ауылішілік су құбыры желілерін -1904 метр жүргізіп, 53 тұрғын үйге- 2370 метрлік су құбырын кіргізіп берген. Ауыл ішіне 2- резервуар орнатылған.
Қазіргі кезде Су айдау насосный станциясының құрлысы жүргізілуде. 130- метр аумағына қоршау жүргізілген. 2- резервуар жұмыстары жүргізілуде. Жалпы мердігер компания келісім- шартта көрсетілген мерзімде уақытылы бітіреміз құрлысты деп отыр. Жұмыс қарқынды жүргізілуде, қажетті материалдар толықтай алынған.