«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША...

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША...
2020 жылдың 5- қазан күні «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Ырғыз ауданы Аманкөл ауылдық округінде құрлыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 2- нысанның құрлысына бақылау- мониторинг жасау үшін аудандық қоғамдық кеңес төрағасы А.Бисенбаев, аудандық мәслихат хатшысы К.Қосаяқов бастаған топ мүшелері барды.
1.Бақылау- мониторинг жүргізілген 1- ші нысан Құтикөл ауылындағы «Жарма» көпірін реконструкциялау.
Негізі. Көпір құрлысының ұзындығы- 54,8 метр, ені (габариті) – 8 метр болуы тиіс.
Мердігер ЖШС «Мансар» компаниясының (төрағасы А.Омаров) құрлыс жұмыстарын өте баяу, жауапкершіліксіз қарау фактілері бар екенін анықтады. Себебі, әлі күнге жабынды плиталарың әлі 20- данасы келмеген, жабынды плиталар төсеу әлі қолға алынбаған, үлкен көтергіш кран техникалары келмеген. Оның үстіне жабында плиталар төселген жағдайда- 54,8 метр көпір үстіне ыстық асфальт төселуі тиіс. Бұл қашан төселеді- қыс түскенде ме деген сұрағымызға- компания өкілдері мазмұнды жауап беруден қашқақтады. Қоғамдық бақылау өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдардың, мердігер компаниялардың осы нысан құрлысына жауапкершілікпен қарауын талап етеміз. Келісім шарт бойынша 11 қараша 2020 жылы бітуі тиіс құрлыс нысанының қазіргі жұмысына мерзімді уақытта бітпей қалу қаупі бар екенін ескертті.