Ақтөбе облысының әкімі жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болды.

Ақтөбе облысының әкімі жұмыс сапарымен Ырғыз ауданында болды.
20 маусым күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ырғыз ауданы Қалыбай ауылындағы қазақтың ақбас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын өсірумен айналысатын “Нұрайназ” ШҚ болды. 2014 жылы құрылған қожалықта 234 бас қазақтың ақбас асыл тұқымды мүйізді ірі қарасы бар.. Оның 104 басы аналық сиыр. Ағымдағы жылы 82 бас төл алып 2019 жылмен салыстарғанда 11 басқа артық алып отыр. Аймақ басшысы ШҚ алаңында ұйымдастырылған ауылшаруашылық көрмесін тамашалады. Көрмеге аудандағы 10-нан астам ІҚМ, ҰМҚ, тауық, қоян өсірумен айналысатын ШҚ өнімдері қойылды. 2020 жылы “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 24 МІҚ, ҰМҚ 167 алынған. Сонымен қатар, жылыжай, балық, сүт өнімдерін өндіретін ШҚ жұмыстары стенде таныстырылды. Одан соң, Оңдасын Оразалин Құтикөл ауылындағы 150 орындық клубы үйінің жұмысымен танысты. Биылғы жылдың мамыр айында пайдалануға берілген мәдениет ошағында модельді кітапхана орналасқан. Ырғызда “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша 892 млн тг 8 жоба жүзеге асырылуда. Өңір басшысы Құтикөл ауылынан Жарма ауылы бағытына шығатын көпір құрылысын қарады. Ұзындығы 54,8 м2 болатын көпір қыркүйек айында аяқталады. Және барлық жобалар биыл аяқталады.
М.ҚАРАБАЕВ, Т.ЖАМАНМҰРЫНОВ, ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 20 ЖЫЛ, ҚАБЫРҒА ЖӘНЕ ЖҮРГЕНОВ көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарын бақылады. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюддеттен 281 848 000 теңге бөлінді. Ұзындығы 3607,45 м құрайды.
Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 35 адам осы жұмысты атқаруға тартылды. Сонымен қатар, құрылысы 2017 жылы басталған орта мектеп, 2018 жылы дене шынықтыру сауықтыру кешеннің құрылыстары мердігер мекеменің жауапсыздығынан әлі күнге дейін аяқталмай тұр. Өңір басшысы барлығын заң аясында шешуді тапсырды.