Аудан әкімі А.Ә.Шахиннің «Ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2020 жылға міндеттері туралы» есебінің тезистері

06/12/2019 ж
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруде 636млн. теңгенің өнімі өндірілдінемесе нақты көлем индексі 104 пайыз.
Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 11886 млн. теңге, нақты көлем индексі 105% өсімге қол жеткізіледі.
Мал басы мүйізді ірі қарадан 35938 бас немесе 102,3%, қой-ешкіден122 900 бас немесе 97,5%, жылқыдан 9427 бас немесе 108,5%, түйеден 1445 бас немесе104,5%, құстардан 10440 бас немесе100,6%.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру: ет-9479,5 тн(108,1%), сүт-10811,3 тн(103,2%), жұмыртқа-1163,5 мың дана(102,5%), жүн - 274,6 тн(102,8%).
Мал қыстату кезеңіне 204171 тонна мал азығы дайындалып, тасылып алынды.
Жыл басынан бері 34 бірлік түрлі ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы саласына 480 млн.теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдан 4 есе артық.
Ветеринариялық алдын алу іс-шараларын жүргізуде бруцеллезге 34456 бас мүйізді ірі қара, 98828 бас қой-ешкі тексеріліп, оң нәтиже берген 84 бас мүйізді ірі қара жойылды.
Жер қатынастары саласы бойынша жыл басынан 19 шаруашылық құрылымына 34718 га жер учаскесі уақытша өтеулі негізде пайдалануға берілді. Оның ішінде конкурс негізінде 9 шаруашылық құрылымына 16070 га, бұрынғы конкурстар негізінде 7 шаруашылыққа 13448 га жеручаскесі берілді. Аукцион арқылы 0,0375 ш.м. жер учаскесі сатылды. 2019 жылы жүргізілген түгендеу жұмыстары нәтижесінде 15 құрылымның жерлері нысаналы пайдаланылмай отырғаны анықталып, түсіндіру жұмыстары нәтижесінде 186 829 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 3371 млн. теңге немесе нақты көлем индексі 86%. Оның ішінде: республикалық бюджеттен 609,4 млн.теңге (2018 жылы - 1453,4 млн.теңге), 41,9 пайыз, жергілікті бюджеттен - 480,1 млн.теңге (өткен жылы - 995,1 млн.теңге), 48,2 пайыз, жеке көздерден 2169,5 млн.теңге (өткен жылы 1181,3 млн.теңге) 192,1 пайыз.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 945 млн.теңге немесе 36 пайыз.Төмендеу себебі, өткен жылы ауданда бюджет қаржысына 3 елді мекенде ауыз сумен қамту, 3 елді мекенде мектеп құрылысының жүргізілуінен 2,5 млрд.теңгеге жуық құрылыс көлемі болды. 2019 жылы құрылысқа бөлінген қаржы1 млрд. теңге ге жуық болды.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 711 бірлік немесе 108,7%. Белсенді субъектілер саны 702 (108,1%).
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 7 жобамен жұмыс жүргізілді.
Бөлшек сауданың көлемі 1247 млн.теңге немесе өткен жылға 102,8%.
Бюджет кірісі 2019 жылы 102,2%-ға орындалды, бюджет шығысы 99,2%-ға игеріледі деп күтіледі. Салық түсімі 585 млн. теңге немесе өткен жылға 100,1%.
Жұмыспен қамтуда420 жаңа жұмыс орны қосылды (жылдық жоспардың орындалуы 100%).
Жұмыспен қамту саласында кешенді жоспармен 1551 адамды қамту жоспары 108,4% орындалды.
Ауыз сумен қамтуда аудандағы 18 елді мекеннің 12-і, аудан халқының 76,4% орталықтандырылған ауыз су желісін пайдаланады.
Қарақұдық, Қарасай, Жарма ауылдарын ауыз сумен қамтудың жобалық сметалық құжаттары әзірленді, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2018 жылы 3,0 млн.теңге, 2019 жылы 5,4 млн.теңге бөлінді.
Ұзындығы 192,2 км жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын қалыпты ұстауға 20 млн. теңге бөлінді.
Биылғы жылы облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлініп, Ырғыз ауылындағыН.Бердіқұлов көшесі жөнделді.
Газбен қамтуда Ырғыз ауылындағы тұрғын үйлердің 90%, 63 коммуналдық тұрмыстық мекемелер газ құбырына қосылған.
Жаныс би елді мекеніне газ тарату стансасы құрылысына облыстық бюджеттен 2018 жылы 35 млн.теңге, 2019 жылы 279 млн.теңге бөлінді.
Барлық әлеуметтік нысандарын қысқы жылыту маусымына отынмен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралары алынды.
Білім саласы бойынша 2019-2020 оқу жылына 3119 оқушы қабылданды, өткен оқу жылынан86 балаға өсім бар.
Жаныс би, Шеңбертал ауылдарында 100 орындық орта мектеп құрылысы облыстық бюджет қаржысына салынып, желтоқсан айында пайдалануға берілді.
2018-2019 оқу жылында мектеп бітіруші 196 түлектің 141-і, яғни 71,9 пайызы ҰБТ-ға қатысты.Ортақ балл -84,7.
Ырғыз ауылында 100 орындық интернаты бар 300 орындық мектептің құрылысы салынуда.
Оқулықпен қамтамасыз етуге 57 млн.теңге бөлініп, жаңартылған бағдарламаға сай 1,3,4,8,9,10 сыныптар және 5,7 сыныптарға өлкетану оқулықтары, мектеп алды даярлық кітаптары алынды.
23 мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде барлығы 1065 бала тәрбиеленуде.
Денсаулық сақтау саласында 19 денсаулық сақтау мекемесі қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.
Мәдениет саласында есепті кезеңде 1677мәдени іс-шара өткізілді.
Облыстық бюджеттен Құтикөл ауылындағы клуб үйінің құрылысы салынып аяқталды.
Облыстық бюджеттен 3,0 млн.теңгеге, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бастамасымен Қызылжар ауылдық кітапханасы жанынан коворкинг орталық ашылды, «Арай» мәдениет үйіне музыкалық орталық алуға 350 мың теңге бөлінді.
Спорт саласында есепті кезеңде спортшылар аудандық деңгейдегі 16, облыстық деңгейдегі 20 спорттық іс-шараға 3897 адам қатыстырылды. Бұқаралық спортпен шұғылданушылардың жалпы саны 3897 адам немесе тұрғындардың 26 пайызын қамтиды.
Ырғыз ауылында сауықтыру спорт кешені құрылысы салынуда.
Ырғыз ауданындағы жастар саны 3837, яғни аудан тұрғындарының 26,3%-ын құрайды.
Өңірімізде Жастар жылында 5 бағытта кешенді іс-шаралар іске асырылуда. Осы уақытқа дейін 67 шара ұйымдастырылып, оларда 7061 адам қамтылды.
Қоғамдық тәртіпті сақтауда тіркелген қылмыс саны-57, өткен жылдың осы кезеңінен 23 бірлікке азайған.
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы
Ауылшаруашылығы саласында:
14 ірі қара мал шаруашылығын құру тапсырмасы, 3 бірлікке - асыл тұқымды мүйізді ірі қара малын сатып алу тапсырмасы 1100 бас, 249 бас болып орындалды (22,6%) себебі асыл тұқымды малды шетелден алып келу талабы құрылымдарға мал сатып әкелуге қиыншылықтар тудырды.
13 қой шаруашылықтарын құру тапсырмасы, 7 бірлікке, 3500 бас қой сатып алу тапсырмасы 3667 болып, 102,9 пайыз орындалды.
Жайылымды жерлерді суландыру мақсатында ауданға құдық қазу жоспары 8 бірлік, 100% орындалды.
Бірінші деңгейдегі бордақылау алаңына бұқашықтар тапсыру тапсырмасы 2300 бас, 2353 бас тапсырылды (102,3%).
Экспортқа ет өткізу тапсырмасы қой етінен 20 тонна 55,9 тонна болып 279,5 пайызға, ірі қара етінен 200 тонна тапсырмасы 100 пайызға орындалды.
Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» «Еңбек» бағдарламасының:
бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 110 адам кәсіптік даярлауға жіберілді (жоспардың орындалуы 100%), Кәсіптік оқуларға 30 адам қамту жоспарланып, 22-ге орындалды;
екінші бағыт бойынша «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізге оқытуға 70 адам жоспарланып, 241 адам білім алды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша несие беру жоспары 357 млн. теңге 386 млн.теңге болып артығымен орындалды);
үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмысқа 30 адам тарту жоспары 45-ке (жоспардың орындалуы 150%), жастар іс-тәжірибесіне 70 адам жіберу жоспары 97 (жоспардың орындалуы 138,6%) болып орындалды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бағдарламасы шеңберінде 4 жоба 23,4 млн. теңгеге мақұлданды. Несиені кепілдендіруге және несиелік пайызын субсидиялауға жеке кәсіпкер Қ.Асанованың кемпинг құрылысы жобасы 18,0 млн. теңге, жеке кәсіпкер Қ.Берекештің «Қонақжай киіз үй» жобасы 2,5 млн. теңге, С.Сәдірхановтың «Жылыжайда қызанақ өсіру» жобасы 2,4 млн. теңге қайтарымсыз грант түрінде қолдау алды.
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» бойынша 8,5 млн. теңгеге 3 жоба жүзеге асырылды.
«Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша 2019 жылы 49 маманға көтерме жәрдемақы, 11 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.
Аудан әкімінің 2019 жылы тұрғындармен есепті кездесуінде айтылған ұсыныстардың орындалу барысы туралы ақпарат
Аудан әкімінің 2019 жылдың қаңтар, ақпан айларындағы тұрғындармен есепті кездесулерінде шешімін табуы тиіс 3 проблемалық мәселе қойылды, одан 3-уі шешілді.
Ырғыз ауылындағы сумен қамту желілерін қайта жарақтандырудың жобалық сметалық құжатын дайындауға аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 14 наурыздағы шешімімен 6,141 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесімен «Тенгри Строй Проект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобаны дайындады. Ағымдағы жылдың 15 қарашасында сараптама қорытындысы алынды, жобаның жалпы құны 318 млн.теңге. 2020 жылдың бюджетінен 60,4 млн.теңге қаржысы бөлінді. Қалған сомасын «Ауыл –ел бесігі» жобасымен республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесін асфальттау жалпы құны 249 млн.теңге тұратын «Ырғыз ауылындағы ауылішілік көшелерді жөндеу» жобалық құжатында қарастырылған. 2019 жылы облыстық бюджеттен 50,0 млн.теңгесі бөлініп, Ырғыз ауылындағы Н.Бердіқұлов көшесі жөнделді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесін асфальттау 2020 жылдың бюджетінен бөлінген «Ауыл – ел бесігі» жобасымен республикалық бюджет қаржысымен жүзеге асырылатын болады.
Құмтоғай ауылындағы орта мектепке қосымша спорт және акт залдарының құрылысын салу мәселесі «Құмтоғай ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысын салудың жобалық сметалық құжатын дайындау» болып өзгертілді, жоба дайындауға облыстық білім басқармасынан келісім алынды. 2020 жылдың бюджетінен «Құмтоғай ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысын салудың жобалық сметалық құжатын дайындауға» 8 млн.теңге бөлінді.
2020 жылға атқарылатын міндеттер:
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету.
2020 жылы Жаныс би, Шеңбертал ауылдарын ауыз сумен қамтудың жобасы іске асырылуы басталады.
Аудан орталығындағы су құбырын қайта жарақтандыру жобасы іске асырылатын болады.
Құтикөл ауылында Жарма көпіріне қайта жарақтандыру жұмысы басталады.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 2020 жылы Ырғыз ауылы көшелерін күрделі жөндеу жұмысын аяқтауға 149 млн. теңге бөлінді.
Ырғыз ауылында 10 бір пәтерлі коммуналдық жалдық тұрғын үй құрылысы салынады.
Жеке тұрғын үй салу алаңдарына электр, су, газ желіліері құрылысы жүргзіледі.
2020 жылға қабылданған жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын орындау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасында көзделген көрсеткіштерді орындау міндеттері қойылады.