«Азаматтарға арналған үкімет» Ақтөбе облысының тұрғындарына 1 млн астам мемлекеттік қызмет көрсетті

14 қазан 2019 ж. Ақтөбе қ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе облысының филиалы корпорацияда 2019 жылдың 9 айында жұмыс нәтижесін аймақ тұрғындарына көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қорытынды брифинг өткізді.
Қазіргі таңда Ақтөбе облыстық филиалында 18 фронт-кеңсе, мамандандырылған ХҚО , көші-қон қызметтері және цифрлық қызметтер орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ халықты зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін қамтамасыз ету бойынша филиалда 2 қалалық, 12 аудандық бөлім қызмет етеді.
Мемлекеттік корпорацияның Ақтөбе облыстық филиалы директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаровтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» реестрдегі 723 мемлекеттік қызметтің 89% көрсетеді. Облыстың шалғайдағы ауыл тұрғындары үшін қызметтер мобильдік ХҚО арқылы көрсетіледі. Жыл басынан бері мобильдік ХҚО облыстың барлық 13 ауданын қамтып, ауыл тұрғындарына 19 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Жалпы Ақтөбе облыстық филиалының ХҚО-ларындағы операторларымен соңғы 7 айда 972 017 қызмет көрсетілді, тағы 202 мыңнан астам қызметті азаматтар өз бетінше алған. Сондай-ақ аймақ тұрғындары 324 587 электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеген.
Бүгінде филиалдың барлық қалалық және аудандық бөлімінде «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ұйымдастырылған.
Қазақстанда 1 қарашадан бастап мекенжай анықтамасы талап етілмейді және мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталатын болады. Яғни,еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме азаматтардан мекенжай анықтамасын 1 қарашадан бастап сұрата алмайды. Оны «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да алу мүмкіндігі болмайды. Қажет болған жағдайда қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекенжайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады. Мемлекеттік органдарға келетін болсақ, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алатын болады, -деді Ізбасар Орынбасаров.
Сондай-ақ, әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша 2019 жылдың 9 айында 95.4 млрд теңге, оның ішінде Республикалық бюджеттен 87,9 млрд, мемлекеттік сақтандыру қорынан 6.9 млрд теңге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 0.6 млрд тенге төленді.
«Азаматтарға арналған үкімет»
Коммерциялық емес
Акционерлік қоғамының
Ақтөбе облысы бойынша
Баспасөз қызметі
Мустафина Асель Сагингалиевна
Тел: 87754854367