Әкімнің Өмірбаяны

Шахин Аққанат Әлішбекұлы 1961 жылы 16 қазанда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туған. Білімі жоғары. 1990-1994 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының социология бөлімінде оқып, социолог мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Ырғыз селосындағы №2109 жылжымалы механикаландырылған құрылыс коллоносында жұмысшы болып бастаған. 1979 жылдың қыркүйек айынан 1980 жылдың шілде айына дейін Шымкент қаласындағы № 33 кәсіптік-техникалық училищесінде оқыған. Сол жылдың қазан айына дейін Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан монтаждау басқармасында жұмыс жасаған.
1980-1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында болған. 1983 жылдың ақпан айынан 1986 жылдың сәуір айына дейін Ырғыз селосындағы № 2109 жылжымалы механикаландырылған құрылыс коллоносында дәнекерлеуші болып жұмыс жасаған. 1986-1990 жылдар аралығында Ырғыз аудандық атқару Советі комитетінде азаматтық қорғаныс штабының бастығы, жалпы бөлім меңгерушісі, іс басқарушы қызметтерін атқарған.
1994-1997 жылдар аралығында Ырғыз селосындағы «Ырғыз», «Шебер» жеке шағын кәсіпорындарында директордың орынбасары, № 7 кәсіптік-техникалық училещесінің Ырғыз бөлімшесінде және орыс орта мектебінде өндірістік оқытудың шебері болып қызметтер атқарды.
1997 жылдың желтоқсанынан бастап аудан әкімі аппаратының аудан орталығын әлеуметтік-экономикалық дамыту бөлімінің меңгерушісі, 1999 жылдың қыркүйегінен бастап аудан әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған. 2007 жылдың наурыз айынан аудан әкімінің орынбасары болып қызмет жасады.
Отбасылы. Отбасында әйелі үш баласы бар.