АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАЫрғыз аудандық жер қатынастары бөлімі 2019 жылдың 17 шілде күні сағат 11:00-де Ырғыз ауданы,
Ырғыз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №1 кабинетте жер учаскесін жалға беру бойынша аукцион өткізеді
Аукционға ұсынылған жер учаскесінің тізімі
Лоттың №
Сауданы өткізу тәсілі мен әдісі
Құқықтан айыру түрі
Жер учаскесінің көлемі, шаршы метр
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасұан жері
Кепілдік соммасы, теңге
Жалдау ақысы
Бастапқы құны, теңге
1
Аукцион(ағылшындық әдіс)
3 жылға жалдау құқығын алу
0,0375
Кәсіпкерлік мақсатта нысан құрылысын салу
Ырғыз ауылы
126 250
270
120 938
Аукционды өткізу шарттары: Аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді.
Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50% мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.
Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі. Кепілдік «Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нің шотына аударылады. Төлем жүргізу үшін деректерді Ырғыз ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі 12, 3 қабат, 314 кабинетінен алуға болады.
Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер мына мекен жайда қабылданады: Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі 12, 3 қабат, 314 кабинет, анықтама үшін телефон: 8 (71343) 21-0-61.