Суға шомылғанда абай бол

Жаз мезгілінде өзен көлдер жағасында суға шомылу мақсатында адамдар көп жиналатыны мәлім. Ырғыз ауданында соңғы жылдары суға шомылу маусымында 2015-2018 жыл аралығында 14 адамның (оның ішінде 7-еуі бала) суға кету оқиғасы тіркелді. Суға шомылу маусымы кезінде көбінесе жазғы каникулда ойнап жүрген балалар ата-ананың қарауынсыз қалып, қайғылы оқиғаларға ұшырап жатады. Балаларға тек қана ересектердің бақылауымен, арнайы суға түсу орындарында ғана шомылуға рұқсат етіледі. Бала суда ойнап отырған жер жағалауға жақын болса да оны жалғыз өзін ойнауға жібермеңіз. Қайғылы жағдай тез және сіздің көзіңізше болуы мүмкін.
ШОМЫЛҒАНДА СУДА НЕНІ ЖАСАМАУ КЕРЕК:
· Қоршау белгісінен тысқары жүзбеңіз!
· Тыйым салынған жерде шомылмаңыз!
· Шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
· Шомылғанда камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз (техникалық жағынан жарамсыз, қолдан жасалған жүзу құралдарын пайдалануға болмайды)!
· Жалған дабыл бермеңіз!
· Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға қарай жүзбеңіз!
· Суға көпірлерден, тоғандардан, айлақтардан, қайықтар мен катерлерден секірмеңіз!
· Таныс емес жерден сүңгімеңіз!
· Ішімдік ішіп суға түсуге болмайды!
ЕГЕР СЕН ҚАЙЫҚТА БОЛСАҢ:
· Иесіз және техникалық ақауы бар қайықтарды пайдаланбаңыз!
· Жүзуге құтқарушы және су төгетін құралдарсыз шықпаңыз!
· Қақығыш құралдарға техтөлқұжаттағы көрсетілгеннен артық жолаушылар мен жүктерді алмаңыз!
· Мас күйіңізде қайықпен қыдырмаңыз!
· Қайықтың бүйіріне және тұмсығына отырмаңыз!
· Бір орыннан екінші орынға, сондай-ақ бір қайықтан басқа жүзетін нәрсеге ауысып отырмаңыз!
· Қайықтан сүңгімеңіз!
· Жүзетін құралдарды қараңғы түсісімен пайдаланбаңыз!
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Зардап шегушінің өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.
Зардап шегушіні судан шығарғаннан кейін басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазартыңыз. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс.
Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек. Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек. Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады. Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу).
Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ. Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет. Мұны әркім істей білуі тиіс!
БҰЛ МАҢЫЗДЫ!
Сіңір тартылғанда:
Қолдардың саусақтары: жұдырықты білезікке жылдам, қатты бүгіңіз, қолды жан-жаққа кенет лақтырғандай қимыл жасаңыз және жұдырық жұмыңыз.
Балтыр-аяқ бұлшықтары: бүгіңіз, сіңірі тартылған аяқтың табанын ұстаңыз және өзіңізге қатты тартыңыз.
Жамбас-сан бұлшықтары: аяқты сирақтың сырт жағынан (алқымның сыртынан) ұстаңыз және оны тізеге бүгіп, артқа, белге қарай тартыңыз.
Егер сіңірдің тартылуы кетпесе - әдісті қайталаңыз!
Иірімге тап болсаңыз:
Ауаны көп жұтыңыз, суға батып кетіңіз де, ағысқа қарай қатты жұлқынып, жоғары қалқып шығыңыз.
Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі