Парыз конкурсы туралы

«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» конкурсы туралы
1. Конкурс «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасының» келесі мақсаттарын іске асыру шеңберінде өткізіледі:
- әрбір қазақстандық отбасының бақуаттылығы;
- салауатты адамдардың қуатты ұлты;
- жауапты азаматтардың үйлесімді қоғамы.
Байқаудың мақсаты партияның өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау, іріктеу, көтермелеу және ілгерілету болып табылады.
Әлеуметтік жобалардың жеңімпаздарын таңдау үшін орталық, аймақтық және аумақтық конкурстық комиссиялар құрылды.
Халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар іс-шараға қатыса алады.
Конкурстың аумақтық кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінде аяқталады.
Конкурстың аймақтық кезеңі ағымдағы жылдың 1 тамызында аяқталады.
Конкурстың аумақтық кезеңіне қатысушылар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш береді.
Қосымша ақпараттарды алу және ұсыну үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне хабарласуларыңыз қажет .
Сонымен қатар, іріктеу конкурстың өтінімдерінің материалдары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында ( http: //www.social.aktobe.gov.kz телефон 41-73-63/) жарияланды.