Telegram @Egovkzbot арқылы қызметтерді алу!

Telegram @Egovkzbot арқылы қызметтерді алу!
2018 жылдың мамыр айында @Egovkzbot-электрондық үкімет арқылы боттың бірінші нұсқасы іске қосылған болатын. Бүгінгі күні @Egovkzbot арқылы 24 қызмет қол жетімді. Ботпен жұмыс жасауды бастау үшін электронды үкімет порталында тіркелген болып және порталдың профилине өзінің телефон нөмірін тіркеу қажет. Telegram мессенжерін сіздің телефон нөміріңіз қосулы смартфонға орнатып @Egovkzbot атауы бойынша іздеу арқылы ботты табу керек. Ботты іске қосу үшін «старт» командасын басу және мәзірге телефон нөмірін жіберу арқылы,алдын-ала белгіленген командаларды жолдап SMS-кодпен растау арқылы анықтамаларды алуға болады. Сонымен қатар, анықтамаларды электронды почтаңызға жіберу мүмкіндігі бар. «Цифрлы қазақстан» мемлекеттік қызметтерді дамыту, оқыту мақсатында және Telegramm-bot мессенжерін үйрету үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Ырғыз аудандық бөлімінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.