Цифрландыру жұмыстары жалғасуда!

Цифрландыру жұмыстары жалғасуда!
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Ырғыз аудандық бөлімі қызметкерлері «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік мекемелерде,кәсіпорындарда болып, электронды үкімет порталы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ХҚО мамандары азаматтарға түрлі кеңестер беріп, электронды цифрлық қолтаңбаны алу, қолдану барысын көрсетті.Азаматтар кең таралған анықтамаларды электронды үкімет порталы арқылы алуды үйренді. Қазіргі таңда, ХҚО ұжымы халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерге шығып, электрондық порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың тиімділігін түсіндіріп келеді.