Жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу қызметтерін электронды үкімет порталы арқылы алуды білесіз бе?

Жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу қызметтерін электронды үкімет порталы арқылы алуды білесіз бе?
Жүргізуші куәлігін ауыстыру мен көлік құралын тіркеу мемлекеттік қызметтерін Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн форматта алуға болады. Қазіргі кездің өзінде 2019 жылдың алғашқы тоқсанында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету бойынша Ырғыз аудандық бөлімінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы» маманының көмегімен жүргізуші куәлігін - 23 адам, көлік құралын тіркеу қызметтерін онлайн түрде – 3 адам ауыстырып үлгерді. Бұл қызметтерді автокөлік иелері арасында кеңінен ақпараттандыру және танымал ету мақсатында жариялап отырмыз. «Аталмыш қызметтерді онлайн-режимде алу механизмі өте қарапайым. Ол үшін egov.kz порталына кіріп, тиісті өтінімді толтырып және өзінің жеке электронды цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойса болғаны. Бұрын көлік құралын сатушы және сатып алушы осы қызметті көрсетуге өтінім беру үшін азаматтар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде өтініш беру мүмкіндігіне ие болып отыр. Мысалы, көлік құралын сатушы порталда авторизацияланады, «Көлік және коммуникация» бөліміне ауысады және «Көлік құралының тіркеу үшін электрондық өтініш беру» деген қызметті таңдайды. Содан кейін қажетті көлік құралының тізімін анықтайды, алаңды толтырады және өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, қол қояды. Онлайн қызметі сатушының барлық айыппұлдары мен салықтарын толық төлеуді, өзекті техникалық қарап тексеру болуын талап етеді. Осыдан кейін, көлік сатып алушы порталының жеке кабинетіне ол өтініммен таныса алады және қызметалушыға «танысты, сұрау салуға өтуіне болады» деген хабарлама келеді. Егер сатып алушы мәмілеге келісім берген жағдайда, ол төленбеген айыппұлдар мен салық берешегін болуына тексерілетін келесі қадамға барады. Сондай-ақ, осы кезеңде, сатып алушының жай немесе жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірін таңдауға мүмкіндігі бар. Ал жүргізуші куәлігін ауыстыру тіпті оңай. Электронды порталда өтінімге фотосурет және қолтаңбаның сканерленген суреті қоса жүктейсіз. Жеке кабинетте құжаттың дайын екендігі туралы хабарлама алғаннан кейін мамандандырылған ХҚО-ға барып тек дайын жүргізуші куәлігін алып кетесіз. Мамандандырылған ХҚО-ның құжат беру бөлімінде ауыстыратын ескі жүргізуші куәлігін, жеке басын куәландыратын құжат, мемлекеттік баж төлегені туралы электрондық чек пен өтінішті ұсынады.