"Ашық есік күні" өткізілді

2019 жылдың 29 наурызы күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ырғыз аудандық бөлімінде (ЦОН) «Ырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Ырғыз ауылының тұрғындары қабылдауда болып, округ әкімі аппараты арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша мағлұматтар алды. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.