1 наурыз Бүкіләлемдік азматтық қорғаныс күні

Қазақстандықтар жыл сайын 1 наурыз күні Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс Күнін атап өтеді.
Бұл мереке күні 1972 жылы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) құрылған күніне белгіленген. Егерде дәлірек айтқанда, 1972 жылы ұйым үкіметаралық ұйымы статусына ие болды, бірақ ол бұрынырақ құрылған. Онда 18 мемлекетпен келісілген ХАҚҰ-ның жарғы күшіне енген.
Қазіргі таңда ХАҚҰ Европа, Азия мен Африканың 50-ге жуық елін біріктіріп отыр, 16 мемлекеттік бақылаушылар, 13 қауымдастырылған мүшелерінен тұрады. Штаб-пәтер Щвецарияда (Женева қаласында). ХАҚҰ мүшелерінің қабылдауы барлық мемлекеттерге ашық.
1990 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының 9-шы сессиясы өткізіліп, жыл сайын 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс Күнінің мейрамы болсын деген шешім қабылданған.
Біздің елге келетін болсақ, 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы ХАҚҰ толық құқықты мүшесі болып табылады және оның жұмыстарының негізгі бағыттарын іске асыруға белсенділік танытып отыр. 1997 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді.
Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу әрекетінде мемлекеттің координациясына, оған тұрғындарды дайындауға, мүмкін болатын шұғыл жағдайларға ұлттық төтенше жағдайлар қызметтерін үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық акция болып табылады.
Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар бөдімі.