«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық ММ

«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
р/с
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №)
Елді мекеннің коды және телефонның нөмірі, электрондық поштасы
Азаматтарды қабылдау кестесі
1
«Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
030400,
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосы,
Т.Жаманмұрынов көшесi, № 24
8(71343)
22-1-14;22-1-15
Әр аптаның сейсенбі,бейсенбі күндері
сағат 10.00-12.00 аралығы
Мекеме басшысы
Әуесов Жолдыбай Баженұлы
1958 жылы 15 қыркүйекте Ырғыз ауданы, Аманкөл селосында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – экономист.
«Ырғыз ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №133 қаулысына сәйкес құрылды. 2011 жылдың 1 шілде айынан бастап, 2012 жылдың мамыр айының 29-на дейін мекеменің басшысы Бейсенбайұлы Айтбай болды. 2012 жылдың 4 маусымынан бастап Әуесов Жолдыбай Баженұлы мекеме басшысы қызметін атқарып келеді.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
1. Халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;
2. Заңда көзделген жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыруды жүзеге асырады;
3. Өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;
4. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;
5. Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен әлеуметтік төлем тағайындау үшін тізбесін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген қажетті құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және оларды Мемлекеттік корпорацияға жібереді;
6.Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді және т.б.
«Ырғыз ауданының жұмыспен қамту орталығы» ММ-нің қызметкерлері туралы мәлімет
р/с
Тегі, Аты, Әкесінің аты
Лауазымы
Өмірбаяны
Функционалдық міндеттері
Байланыс телефондары
1
Әуесов Жолдыбай Баженұлы
Директор
1958 жылы 15 қыркүйекте Ырғыз ауданы, Аманкөл селосында дүниеге келген.Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – экономист.
Жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) ұйымдастыру және әдістемелік басшылығын жүзеге асырады. Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағыларды кәсіптік бағдарлауды ұйымдастырады және сапалы жүргізуді қамтамасыз етеді. Халыққа консультативтік көмек көрсету жұмысын ұйымдастырады. Жұмыспен қамту бағдарламасының әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету жұмысын ұйымдастырады
22-1-13
2
Қашқынбаева Балайым Жұмабайқызы
Маман
1964 жылы 21 ақпанда Ырғыз ауданы, Нұра селосында дүниеге келген. Көкшетау филиалы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – ғалым-агроном.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша: Жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарымен айналысады
22-1-14
3
Шауенов Сенбіғали Рахметоллаұлы
Маман
1982 жылы 13 қарашада Ырғыз ауданы, Аманкөл селосында дүниеге келген. Ақтөбе гуманитарлық-техникалық әмбебап мультипрофильдік колледжін бітірген. Мамандығы – құқықтану.
Бағадрламаның бірінші бағыты бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету және кәсіптік оқуларды аяқтаған бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, бағдарламаның екінші бағыты бойынша жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бағдарламаның үшінші бағыты бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен шағымдар мен өтініштерін тіркеу, «Өрлеу» жобасы
22-1-14
4
Жумин Нұрболат Оразбайұлы
Маман
1987 жылы 18 сәуірде Ырғыз ауданы, Ырғыз селосында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – психолог.
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою», «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» және «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру», бағдарламаның үшінші бағыты бойынша қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру, инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
22-1-14
5
Серікқызы Мөлдір
Маман
1988 жылы 28 желтоқсанда Ырғыз ауданы, Ырғыз селосында дүниеге келген. Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе қаласындағы филиалын бітірген. Мамандығы – қаржы.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, мекеменің қаржылық есептіліктерін жүргізу
22-1-14
атқаратын қызметтері: «Ырғыз ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №133 қаулысына сәйкес құрылды. 2011 жылдың 1 шілде айынан бастап, 2012 жылдың мамыр айының 29-на дейін мекеменің басшысы Бейсенбайұлы Айтбай болды. 2012 жылдың 4 маусымынан бастап Әуесов Жолдыбай Баженұлы мекеме басшысы қызметін атқарып келеді.
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
1. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысу мәселері бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыз және табысы аз азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу және консультациялық қызмет көрсету;
2. Бағдарламаға қатысуға үміткерлердің құжаттарын даярлауға көмек көрсету және қабылдау;
3. Бағдарламаға қатысуға үміткерлерді тіркеу;
4. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларды санаттары бойынша, мәртебесіне және әлеуметтік қолдауға мұқтаждығына қарай іріктеу және бөлу;
5. Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларына бейімдеу қызметін және психологиялық қолдау көрсету;
6.Бағдарламаға қатысушылармен әлеуметтік келісімшарт жасау, қатысушылар қабылдаған міндеттемелердің мониторингін жүргізу және т.б.