Мәдениет, дін, спорт және туризм

Мәдениет
«Ырғыз аудандық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
Мемлекеттік орган туралы ақпарат:
1. Мемлекеттік мекеменің атауы: «Ырғыз аудандық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ2. БСН: 0602400116773. Заңды мекен-жайы: Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі №12 Тел: 21-7-064. Пошталық мекен-жайы: 030400 Ырғыз селосы5. Электрондық пошта адресі: irgiz_kultura2011@mail.ru
Қонақбаев Серік Көбекұлы Ырғыз аудандық, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы. Жұмыс телефоны: 21-3-09. Ұялы тел:87717857799
«Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі:
1. Жалпы ережелер
1.«Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.4. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.5. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.6. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Алтынсарин көшесі 12. индекс 030400
9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы ереже «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
10.1 «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
11. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
12. «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Мемлекеттік бағдарламалары:
1.Жергілікті деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.
2. Мәдени-демалыс жұмысын қолдау
3. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткізу
5. Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан (облыстық маңызы бар) құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы
6. Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
7. Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары
XXII-ші «Аймақты әнмен тербетіп...» атты республикалық
Ырғыз өнер мерекесі өтті
Ырғыз ауданында жас таланттардың танылуына мүмкіндік туғызу және көршілес аймақтар мен жас өнерпаздардың бір-бірінен үйрену үрдістерін кеңейту мақсатында 1997 жылдан бастау алған «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер мерекесі Ақтөбе облысы аймағын ғана әнмен, күймен тербеп қойған жоқ, іргелес жатқан Қазалы, Арал, Жангелді, Ұлытау өңіріне де осы аталған өнер мерекесі арқылы Ырғыз жерінің өнерге бай, ән мен жырдың ордасы екенін танытып келеді. Биыл жиырма екінші рет аталып өткелі отырған «Аймақты әнмен тербетіп...» атты өнер мерекесінен талай дарынды әнші, күйші өнерге құштар жас орындаушылар өз таланттарын ашып, өнердің жоғарғы баспалдағына жолдама алып келеді.
Ақтөбе облысы әкімдігі, Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ырғыз ауданы әкімдігінің қолдауымен, Ырғыз аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі және облыстық халық шығармашылығы үйі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында және Астана қаласының 20 жылдығына орай ХХII-ші рет дәстүрлі өткізіліп келе жатқан «Аймақты әнмен тербетіп...» өнер байқауын 2018 жылдың қыркүйек айының 26-27 күндері өткізді.
Екі күндік республикалық өнер мерекесі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» атындағы саябақта өтті.
Бұл байқауға республикамыздың Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан және облысымыздың Ақтөбе қаласынан, Алға, Мұғалжар, Ойыл, Қобда, Темір, Шалқар және Ырғыз ауданы атынан барлығы 19 өнерпаздар қатысып сынға түсті.
Терме жанры бойынша: Ырғыз ауданында өткен XХІI «Аймақты әнмен тербетіп...» атты республикалық өнер мерекесінің терме жанры бойынша Т.Жүргенов атындағы бас жүлдегері болып Тобағабылова Ақбота танылды.
Терме жанры:
Бас жүлде Тобағабылова Ақбота (Ырғыз ауданы өнерпазы)
I орын Қасымбеков Ербосын (Жамбыл облысы өнерпазы)
II орын Бахытова (Тоғжан Қызылорда облысы өнерпазы)
III орын Айтуғанов Нұралы (Батыс Қазақстан облысы өнерпазы)
Эстрада жанры бойынша: Ырғыз ауданында өткен XХІI «Аймақты әнмен тербетіп...» атты республикалық өнер мерекесінің эстрадалық ән жанры бойынша Т.Жүргенов атындағы бас жүлдегері болып Айсынов Ермек танылды.
Эстрада жанры:
Бас жүлде Айсынов Ермек (Атырау облысы өнерпазы)
I орын Әбжанов Нұржан (Қобда ауданы өнерпазы)
II орын Балдат Бейсеқожа (Жамбыл облысы өнерпазы)
III орын Қуанышқалиева Гүлсезім (Батыс Қазақстан облысы өнерпазы)
Өзгеде өнерпаздар «Көрермендер көзайымы» дипломымен және белсене қатысқан үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, екі күндік өнер байқауында лоторея ойындары ұйымдастырылып, ұтыс ойынына бағалы сыйлықтар тігілді. Сонымен қатар өнер мерекесінің бағдарламасына сәйкес келген қонақтарға ауданның көрікті жерлері көрсетілді.
Білім. Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 14 орта, 8 негізгі, 1 бастауыш мектеп, 13 мектепке дейінгі ұйым, 16 кіші орталық, 3 қосымша білім беру ұйымдары бар. Оларда 968 педагог кадр жұмыс жасайды. Жалпы орта білім беру мектептерінде 3197 оқушы, мектепке дейінгі ұйымдарда 1105 бала тәрбиеленіп жатыр.
Мәдениет. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 28 мәдениет мекемесі бар.
Ырғыз селосында «Арай» мәдениет үйі орталықтандырылған кітапхана, ауылдық балалар кітапханасы жұмыс жасайды.
Ырғыз селолық округіне қарасты: Ақши, Қалыбай, ауылдық клуб, кітапхана Қызылжар селолық округінде: «Мәні» ауылдық мәдениет үйі, ауылдық кітапхана, Нұра селолық округінде Нұра, Мамыр, Белшер ауылдық клуб, кітапханасы, Тәуіп селолық округінде: Тәуіп ауылдық клуб, кітапханасы, Жайсаңбай селолық округінде Жайсаңбай ауылдық клуб, кітапханасы, Аманкөл селолық округінде Құтикөл, Аманкөл ауылдық клуб, кітапханасы, Құмтоғай селолық округінде: Құмтоғай, Қарасай ауылдық клуб, кітапханасы, Қарақұдық ауылдық клубы жұмыс жасайды.
1997 жылдан бастап ауданымызда «Аймақты әнмен тербетіп» Ырғыз өнер мерекесі өтеді. Бұл мерекеге жыл сайын көршілес Қостанай облысының Жангелдин ауданы, Қызылорда облысының Арал, Қазалы аудандары, Жезқазған облысының ауданы, өз облысымыздың Шалқар, Әйтеке би аудандарынан талантты өнерпаздар қатысады.
Байқау эстрадалық әндер, күй, терме, би жанры бойынша өтеді.
«Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» облыстық тіл фестивалі аясында мамыр айында «Тіл дарын 2012» аудандық байқауы өтті. Бұл байқауға ауданымызда үш тілін (қазақ, орыс, ағылшын) жетік меңгерген жастар қатысты. Негізгі мақсаты: Үш тілді жетік меңгерген қаблетті жастарды анықтау жіне қолдау. Тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Спорт
Республикалық өнер фестивалі аясындағы ТҮЙЕ ПАЛУАН турнирі
ХХІІ «Аймақты әнмен тербетіп» республикалық өнер мерекесі аясындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бақберген Садықов атындағы жүлде үшін қазақ күресінен өткізілген ТҮЙЕ ПАЛУАН турниріне барлығы 9 палуан қатысты. Турнирге Қызылорда облысының Арал ауданынан 2 балуан, Хромтау ауданынан 2 балуан, Әйтеке би ауданынан 1 балуан, Ырғыз ауданынан 4 балуан қатысты.
Түйе палуан турнирінің 3 орыны үшін Хромтау ауданынан келген Жәнібеков Исламбек пен жерлесіміз Қосмұратов Абылай күресіп, Абылайдың шеберлігі үстем болды.
Ал турнирдің бас жүлдесі үшін Арал ауданынан келген Абдуллаев Ержан мен Әйтеке би ауданының балуаны Сейтқалиев Айбек белдесті. Қазақ күресінен және дзюдодан спорт шебері атағын қорғаған Абдуллаев Ержан қарсыласынан басымдығын байқатып, ХХІІ «Аймақты әнмен тербетіп» республикалық өнер мерекесі аясындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бақберген Садықов атындағы жүлдесі үшін қазақ күресінен өткізілген турнирдің ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ атанды.
3 орын иегері Қосмұратов Абылайды спорт жанашыры, ардагер ұстаз Балданов Болат ағамыз арнайы дипломмен және 20000 теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады.
2 орын иегері Әйтеке би ауданының балуаны Сейтқалиев Айбекті аудандық мәслихат хатшысы Қосаяқов Көптілеу Әбдірашұлы арнайы дипломмен және 30000 теңге ақшалай сыйлықпен марапаттады.
ХХІІ «Аймақты әнмен тербетіп» республикалық өнер мерекесі аясындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бақберген Садықов атындағы жүлдесі үшін қазақ күресінен өткізілген турнирдің ТҮЙЕ ПАЛУАНЫ атанған Арал ауданының балуаны Абдуллаев Ержанды аудандық мәслихат депутаты, «МТС» өндірістік кооперативінің төрағасы Садықов Нақыпбай ағамыз арнайы куәлікпен, естелік кубокпен және 100000 теңге ақшалай сыйлықпен мапараттады.
ХХІІ «Аймақты әнмен тербетіп» республикалық өнер мерекесі аясындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бақберген Садықов атындағы жүлдесі үшін қазақ күресінен өткізілген ТҮЙЕ ПАЛУАН турнирінің барлық жүлделеріне аудандық мәслихат депутаты, «МТС» өндірістік кооперативінің төрағасы Садықов Нақыпбай ағамыз демеушілік жасады.