Ауыл шаруашылығы мен ветеринария

Ырғыз ауданы бойынша өткізілген ауыл шаруашылығы
жәрмеңкесі жөніндегі ақпарат
Өткізілген жәрмеңкенін уақытты
Жәрмеңкеде өткізілген өнімдер көлемі, кг.
Сомасы, мың. теңге
ет және ет өнімдері, кг.
сүт және сүт өнімдері, кг.
Өзге де ауыл шаруашылығы өнімдері кг.
Аудандық деңгейде
8 наурызда
898
200
520
1 420,2
22 наурызда
1 340
450
2150
2 109,7
14 сәуір
915
400
350
1 512,0
1 мамыр
870
450
850
1 668,5
9 мамыр
830
380
550
1 591,5
9 маусым
825
256
580
1 478,4
23 маусым
655
228
500
1 177,2
6 шілде
740
233
450
1 231,0
21 шілде
665
288
570
1 213,7
18 тамыз
610
286
650
1 167,1
30 тамыз
612
206
3885
1 397,4
15 қазан
740
142,3
1880
1497,3
Барлығы
9 700
3 519,3
12 935
17 464,0
Ауылдық округ деңгейде
8 наурызда
380
120
250
601,0
22 наурызда
460
180
300
747,0
14 сәуір
360
150
280
605,0
1 мамыр
410
120
320
664,0
9 мамыр
380
115
335
630,7
6 шілде
380
110
250
559,0
30 тамыз
315
89
268
553,8
Барлығы
2 685
884
2003
4 360,5
Облыстық деңгейде
24-25 тамыз
4 100
255
8 500
6 818,0
Президент жолдауындағы ветеринария саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар
Жыл сайынғы ауданның бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық-профилактикалық және бірдейлендіруден өткізу іс-шаралар жоспары уақытылы орындалып келеді.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелерін күнделікті жұмыста қатаң басшылыққа алып және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіп келеді.
Ырғыз ауданының ветеринария сласы бойынша жүргізіліп жатырған жұмыстары туралы аудан әкімдігінің отырысында жыл бойы есептіліктер беріліп келеді.
2018 жылдың 9 айы бойынша ауданның 2018 жылға бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларын диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық-профилактикалық шаралардан өткізу шаралары 100 пайызға орындалды.
2018 жылдың жоспарланған диагностикалық зерттеу шаралары бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 31448 бас мүйізді ірі қара малдары, оның ішінде 5277 бас мүйізді ірі қараның 2018 жылғы төлдері, 15446 бас аналық сиырлар, 2100 бас аталық бұқалар, 8625 бас қалған ересек малдар бруцеллез (сарып) ауруына зерттелінді. Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 52 бас, оның ішінде 9 бас төлдер, 40 бас аналық сиырлар, 1 бас аталық бұқа, 2 бас қалған ересек малдар бруцеллезге (сарыпқа) оң нәтиже беріп, аудан бойынша ауруды жұқтыру пайызы 0,2 пайыз болды. Сондай-ақ, 114638 бас қой-ешкі, 52 бас жылқы, 895 бас түйе малдары бруцеллез (сарып) ауруына тексеріліп, ауруға шалдыққан малдар болған жоқ.
Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аудан бойынша бруцеллез ауруына шалдығу көрсеткіші 0,7 пайыздан 0,2 пайызға төмендеп отыр.
Ауруға шалдыққан 52 бас мүйізді ірі қараның барлығы Ақтөбе қаласындағы «Тандем W» ЖШС-і қайта өңдеу кәсіпорыны, «Айбек» селолық тұтыну кооперативіне және «ЫрғызАгроОдақ» мал сою пунктіне тапсырылып, жойылды.
Ауданның ауылдық округтері бойынша уақытылы жүргізіліп отырған алдын алу шараларының нәтижесінде аудан аумағында соңғы жылдары аса қауіпті сібір жарасы, аусыл сияқты аурулары тіркелген жоқ.
Ауыл шаруашылығы жануарларының жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес 2018 жылдың тоғыз ай қорытындысында 27500 бас мүйізді ірі қара, 77000 бас қой-ешкі, 7400 бас жылқы, 1120 бас түйе малдары сібір жарасына, 2000 бас мүйізді ірі қара, 1800 бас қой-ешкі малдары пастереллезге, 28500 бас мүйізді ірі қара қарасан ауруына қарсы, сондай-ақ басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцияланаудан, 35000 бас мүйізді ірі қара, 1120 бас түйе малдары туберкулезге қарсы аллергиялық тексерулерден өткізілді.
Аудан аумағында 3 қолайсыз пункт тіркелді. Ақпан айында Қызылжар ауылдық округінде құтырма ауруы бойынша, Қызылжар ауылдық округінде наурыз айында бруцеллез ауруы және сәуір айында Аманкөл ауылдық округінде құтырма ауруы бойынша тіркеліп, ауылдық округі әкімнің шешімімен шектеулер қойылды.
2
Ауыл шаруашылығ жануарларын бірдейлендіру шараларын ұйымдастыруда 2018 жылдың 9 айында аудан бойынша 10121 бас мүйізді ірі қара, 45503 бас қой-ешкі, 193 бас түйе малдарына құлақ жапсырмалары салынып, 2672 бас жылқы малдарына таңбалау жұмыстары жүргізіліп, дерекқорға толығымен енгізілді.
Шектеу қойылған аумақтарда сауықтыру шараларын «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд Ақтөбе филиалы» республикалық мемлекеттік мекемесі Аманкөл, Қызылжар ауылдық округтерінде сауықтыру шаралары жүргізді.
Қазіргі таңда, Аманкөл, Қызылжар ауылдық округтерінде шектеулер алынды.
Аудан аумағында 2 типтік жобадағы мал қорымы мен 16 қарапайым шұңқырлар бар. Аудандық ветеринариялық стансасында осы мал өлекселері мен биологиялық қалдықтарды өртеп жоюға арналған 1 (бір) жылжымалы инсинератор жұмыс жасайды. Қажетті жанар-жағар май және автокөлік жүргізушісімен толық қамтылған.
Ауданда ветеринариялық-санитариялық ахуалды сақтаудың бірі – ауру қоздырғыш инфекцияларының таралуын болдырмау болып табылады. Бұл өлген малдардың өлекселерін, сонымен қатар басқа да биологиялық қалдықтарды жою және ауру шыққан аулаларға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.
2018 жылдың 9 айында жылжымалы инсинератор арқылы 23 бас мүйізді ірі қара, 16 бас қой-ешкі малдары, 46 бас иттер мен 53 бас мысықтардың өлекселері және 29 860 дана биологиялық қалдықтар (вакутейнерлер) өртелініп жойылды.
Ауданда «ЫрғызАгроОдақ» селолық тұтыну коопертиві мал сою пункті жұмыс жасайды. Биылғы жылдың 9 айында осы мал сою пункті бойынша барлығы 803 бас мүйізді ірі қара, 308 бас қой-ешкі, 10 бас жылқы малдары қоғамдық орындарға (балабақша, мектеп және т.б. орындар) сойылды.
Аудандық ветеринария бөлімінің мамандары сауда орындарына тасымалданатын мал өнімдерінің құжаттарын күнбе-күн тексеріп, ауыл шаруашылығы малдары арнаулы мал сою орындарында сойылып, ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткеннен кейін сатылуына бақылау жүргізіп келеді.
Сауда орындарындағы мал өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптаудан аудандық ветеринариялық зертхананың мамандары өткізеді.
Ауданның эпизоотиялық ахуалын тұрақты ұстап тұру үнемі назарға алынып келеді.