Жобалар

Аудан әкімі аппаратының жобалары:
22/10/2019 ж
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы №96 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 және 139-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы №96 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4959 тіркелген, 2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.ШАХИН
Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы
____________К.Қосаяқов
«____» ___________ 2019 жыл
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Жоғарыда көрсетілген қаулы жобасы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын салаларды қамту мақсатында ұсынылып отыр.
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес ұсынылады.
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы №96 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4959 тіркелген, 2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп тану ұсынылады.
«Ырғыз ауданы «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау және аудан әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы №96 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулы жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 22 қазанда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 17 қазанда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 21 қазандағы №38 хатымен алынды.
..
21/10/2019 ж
16/10/2019 ж
03/09/2019 ж
Шектеу іс-шараларын алу және Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2019 жылдың 8 мамырдағы № 8 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10–1 бабына сәйкес, және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторының 2019 жылғы 27 тамыздағы № 2-17/237 ұсынысы негізінде, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылжар ауылдық округінің Жаныс би ауылы Достық көшесінде, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Қызылжар ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 8 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6134 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. «Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жарялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі
А.Ізбасарова
10/05/2019 ж
Ырғыз ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 «Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп
тану туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ырғыз ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 87 «Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-5-187 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулыны Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Қызбергеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
М. Елеусізов
КЕЛІСІЛДІ: «Ақтөбе облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысының
м.а _______________ Н.Аспенов
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2019 жылғы «__» ___________
№ __ қаулысына қосымша
Ырғыз ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 11 маусым
№ 87 қаулысымен бекітілген
Ырғыз ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ р/с
Автожолдың
индексі
Автожолдың атауы
Жалпы ұзындығы, шақырым
1
KD-IR-1
Құмтоғай ауылына кіре беріс
25,3
2
KD-IR-2
Құрылыс ауылына кіре беріс
6,9
3
KD-IR-3
Құтикөл-Жарма-Құйлыс-Жайсаңбай
160,0
Барлығы
192,2
24/04/2019 ж
25/03/2019 ж
25/02/2019 ж
01/02/2019 ж
21/01/2019 ж
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Мәслихат аппаратының жобалары:
12/11/2019 ж
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185
«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9, 106 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-199 тіркелген, 2019 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «4 290 718» сандары «4 514 983,2» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
салықтық түсімдер «464 899» сандары «473 804» сандарымен ауыстырылсын;
салықтық емес түсімдер «20 855» сандары «8 792» сандарымен ауыстырылсын;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер «1 800» сандары «4 958» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімдері «3 803 164» сандары «4 027 429,2» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «4 304 189,7» сандары «4 528 454,9» сандарымен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
таза бюджеттік кредиттеу «27 544» сандары «28 506» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер «37 875» сандары «38 837» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы «-41 015,7» сандары «-41 977,7» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру «41 015,7» сандары «41 977,7» сандарымен ауыстырылсын;
7- тармақта:
бірінші абзацта:
«157 676» сандары «200 676» сандарымен ауыстырылсын;
үшінші абзацта:
«3 659» сандары «1 732,2» сандарымен ауыстырылсын;
сегізінші абзацта:
«283 952» сандары «270 952» сандарымен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацта:
«10 567» сандары «8 000» сандарымен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
«7-1. 2019 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджет арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан ағымдағы нысаналы трансферттер түсетіні ескерілсін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 121 907 мың теңге;
еңбек нарығын дамытуға- 12 625 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға –37 425 мың теңге.».
9- тармақта:
он екінші абзацта:
«18 250» сандары «16 115» сандарымен ауыстырылсын;
жиырма екінші абзацта:
«1 000» сандары «29 937» сандарымен ауыстырылсын:
11-тармақ алынып тасталсын.
2. Көрсетілген шешімнің 1, 5 -қосымшалары осы шешімнің 1, 2 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
В.Машина К.Қосаяқов
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
кiрiстер 4 514 983,2 мың теңге;
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша 473 804 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 8 792 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша 4 958 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша 4 027 429,2 мың теңге;
шығындар 4 528 454,9 мың теңге;
таза бюджеттiк кредиттеу 28 506 мың теңге,
бюджеттiк кредиттер 38 837 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу 10 331мың теңге;
Бюджет тапшылығы- - 41977,7 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- 41977,7 мың теңге.
2019 жылдың бюджетіне мынадай көлемде өзгерістер енгізіледі:
Республикалық бюджеттен 43 000 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінеді, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге- 43 000 мың теңге
Республикалық бюджеттен 17 493,8 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер азаяды, оның ішінде:
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартудан – 1926,8 мың теңге;
бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтудан-13 000 мың теңге;
аз қамтылған көп балалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін сатып алудан – 2 567 мың теңге.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 171 957 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінеді, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 121 907 мың теңге;
еңбек нарығын дамытуға- 12 625 мың теңге;
нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға –37 425 мың теңге.
Облыстық бюджеттен 28937 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінеді, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге- 28 937 мың теңге
Облыстық бюджеттен 2135 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер азаяды, оның ішінде:
нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудан-2135 мың теңге.
Жергілікті атқарушы органының резерві 10 000 мың теңге аудан шығындарына жұмсалады.
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бектіу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 12 қарашада, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 4 қарашада орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 12 қарашадағы №40 хатымен алынды.
22/10/2019 ж
Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-203 тіркелген, 2019 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
В.Машина К.Қосаяқов
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9-1 бабына сәйкес, «Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
1 қосымшаға өзгеріс енгізіледі.
Бағдарламалар арасында қайта бөлу:
«Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасынан үнемделген 146,8 мың теңге сомаға, «Елді мекендегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасынан үнемделген 159 мың теңге сомаға азайту есебінен «Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасына баннерлер әзірлеуге 125 мың теңге, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына Ақши, Қалыбай ауылдарына қатты тұрмыстық қалдықтар төгу алаңының жерге орналастыру құжаттарын әзірлеу үшін 180,8 мың теңге бөлу.
«Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 22 қазанда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 16 қазанда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 21 қазандағы №35 хатымен алынды.
Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-204 тіркелген, 2019 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
В.Машина К.Қосаяқов
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9-1 бабына сәйкес, «Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
1 қосымшаға өзгеріс енгізіледі.
Бағдарламалар арасында қайта бөлу :
«Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасынан үнемделген 284 мың теңге сомаға азайту есебінен, «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына қатты тұрмыстық қалдық ораналастыратын жер учаскелерін беруге байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларына 165 мың теңге, «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасына 36 мың теңге, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына жаңа стандарттағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасын сатып алуға 83 мың теңге бөлу.
«Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 22 қазанда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 16 қазанда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 21 қазандағы №37 хатымен алынды.
Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-205 тіркелген, 2019 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
В.Машина К.Қосаяқов
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9-1 бабына сәйкес, «Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
1 қосымшаға өзгеріс енгізіледі.
Бағдарламалар арасында қайта бөлу :
«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бағдарламасын 1862 мың теңге қысқарту, «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасынан 236 мың теңгені азайту есебінен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына Аманкөл, Жарма ауылдық елді мекендеріне қатты тұрмыстық қалдықтар төгу алаңының жерге орналастыру құжаттарына 700 мың теңге, байланыс қызметіне 230 мың теңге, автокөлікке қосалқы бөлшектер сатып алуға 200 мың теңге, барлығы 1377 мың теңге, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру» жылды аяқтауға 718 мың теңге, «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына 1 (бір) дана компьютер сатып алуға 250 мың теңге бөлу.
«Ырғыз аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 22 қазанда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 16 қазанда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 21 қазандағы №36 хатымен алынды.
Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
В.Машина К.Қосаяқов
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 139-бабына сәйкес, Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға аудандық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы шешім жобасы ұсынылады.
Ырғыз аудандық мәслихатының осы тақырыпта бұрын алынған шешімдерінің күшін жойылды деп тану ұсынылады.
Ырғыз аудандық мәслихатының «Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 22 қазанда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 16 қазанда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 21 қазандағы №39 хатымен алынды.
.
17/09/2019 ж
09/07/2019 ж
Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №189 «Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №359 қаулысымен өзгеріс енгізлуніе сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №189 «Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу ұсынылады.
жоғарыда көрсетілген шешімнің 1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;».
«Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №189 Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2019 жылға әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 9 шілдеде, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 26 маусымда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 9 шілдедегі №31 хатымен алынды.
05/07/2019 ж
Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185
«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бектіу туралы»
Шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
2019 жылдың бюджетіне мынадай көлемде өзгерістер енгізіледі:
кiрiстер 4 283 713 мың теңге;
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша 464 899 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 20 855 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша 1 800 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша 3 796 159 мың теңге;
шығындар 4 297 184,7 мың теңге;
Бюджет тапшылығы- - 41015,7 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- 41015,7 мың теңге.
Облыстық бюджеттен 60 232 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер және даму трансферті бөлінді, оның ішінде:
жалпы білім беруге-35 000 мың теңге;
бруцеллезбен ауырған, санитарлық жоюға жіберілетін ауылшаруашылық малдардың құнын өтеуге-3 232 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге- 1 000 мың теңге
спорт объектілерін дамытуға- 21000 мың теңге.
Республикалық бюджеттен 53 286 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер азайды, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге- 53 286 мың теңге
«Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бектіу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 5 шілдеде, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 25 маусымда орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 5 шілдедегі №30 хатымен алынды.
08/05/2019 жыл
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы №124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы №124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3816 тіркелген, 2014жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
__________М.Тұрымов
Ырғыз аудандық мәслихатының
хатшысы
____________ К.Қосаяқов
Ырғыз аудандық мәслихатының
2019 жылғы «___» __________
№___ шешіміне қосымша
Ырғыз аудандық мәслихатының2014 жылғы19 ақпандағы№124 шешімімен бекітілген
Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Осы Ырғыз ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6, 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауылдық округтер тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
2. Ырғыз ауданының ауылдық округтерінiң аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
1. Жалпы ережелер
3. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
2) жергiлiктi қоғамдастық - шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жиынтығы;
3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қызметiнiң мәселелерi.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынның өкілеттіліктері
4. Бөлек жиынға қатысушылар күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды:
1) аудан мәслихатына, ауданның және ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
3) аудан мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
3. Бөлек жиынды өткізу тәртібі
5.Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.
Тиiстi аудан әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
6. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
9. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған, әкімшілік–аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты тіркелген азаматтардың әр 100 адамнан 1 адам құрамында бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
12. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
13. Жергілікті қоғамдастық жиыны оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
4. Жергілікті қоғамдастық жиынынның шешімі
14. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Ауылдық округ әкімі жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
15.Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.
Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны шешімінің қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі шешім қабылдайды.
5. Қорытынды ереже
16. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы №124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы»шешімінеөзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы №124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3816 тіркелген, 2014 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне:
Осы шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы №124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.kz сайтында 2019 жылғы 8 мамырда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтында 2019 жылғы 8 мамырда орналастырылды.
08/05/2019 жыл
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы № 195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-203 тіркелген, 2019 жылы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «226 339» сандары «242 658» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімі «202 888» сандары «219 207» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «226 884,5» сандары «243 203,4» сандарымен ауыстырылсын;
5) тармақшасында:
бюджет тапшылығы «-545,5» сандары «-545,4» сандарымен ауыстырылсын;
6) тармақшасында:
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) «545,5» сандары «545,4» сандарымен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 33 298 мың теңге; »;
және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 2 174 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
О.Нұрмағанбет К.Қосаяқов
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9-1 бабына сәйкес, «Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
2019 жылдың бюджетіне мынадай көлемде өзгерістер енгізіледі:
кiрiстер 242 658 мың теңге;
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша 23 055 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 396 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша 219 207 мың теңге;
шығындар 243 203,4 мың теңге;
Бюджет тапшылығы- -545,4 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- 545,4 мың теңге.
Республикалық бюджеттен 16 319 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 14145 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 2 174 мың теңге .
«Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №195 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 8 мамырда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 30 сәуірде орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 8 мамырдағы №25 хатымен алынды.
08/05/2019 жыл
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-204 тіркелген, 2019 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында:
кірістер «91 560» сандары «99 112» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде :
трансферттер түсімі «87 812» сандары «95 364» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «92 366,2» сандары «99 918,2» сандарымен ауыстырылсын;
4-1 тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 15 229 мың теңге; »;
және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 1 535 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
О.Нұрмағанбет К.Қосаяқов
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9-1 бабына сәйкес, «Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
2019 жылдың бюджетіне мынадай көлемде өзгерістер енгізіледі:
кiрiстер 99 112 мың теңге;
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша 3 678 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 70 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша 95 364 мың теңге;
шығындар 99 918,2 мың теңге;
Бюджет тапшылығы- -806,2 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- 806,2 мың теңге.
Республикалық бюджеттен 7 552 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 6 017 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 1 535 мың теңге.
«Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №196 «2019-2021 жылдарға арналған Қызылжар ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 8 мамырда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 30 сәуірде орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 8 мамырдағы №27 хатымен алынды.
08/05/2019 жыл
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1, 109-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-205 тіркелген, 2019 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында :
кірістер «56 765» сандары «63 851» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде :
трансферттер түсімі «53 714» сандары «60 800» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «57 117,1» сандары «64 203,1» сандарымен ауыстырылсын;
5- тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 9 722 мың теңге; »;
және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 1 377 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
О.Нұрмағанбет К.Қосаяқов
Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» Шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 9-1 бабына сәйкес «Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
2019 жылдың бюджетіне мынадай көлемде өзгерістер енгізіледі:
кiрiстер 63 851 мың теңге;
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша 3 011 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 40 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша 60 800 мың теңге;
шығындар 64 203,1 мың теңге;
Бюджет тапшылығы- -352,1 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- 352,1 мың теңге.
Республикалық бюджеттен 7 086 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:
«азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге -5 709 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 1 377 мың теңге.
«Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 4 қаңтардағы №197 «2019-2021 жылдарға арналған Аманкөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 8 мамырда, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 30 сәуірде орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 8 мамырдағы №26 хатымен алынды.
26/04/2019 жыл
Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185
«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9, 106 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы 185 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-5-199 тіркелген, 2019 жылы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшасында :
кірістер «3 778 614» сандары «4 266 200» сандарымен ауыстырылсын;
оның ішінде:
трансферттер түсімдері «3 291 060» сандары «3 778 646» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшасында:
шығындар «3 792 085,7» сандары «4 279 671,7» сандарымен ауыстырылсын;
7- тармақта:
бірінші абзацта:
«41 515» сандары «210 962» сандарымен ауыстырылсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 444 655 мың теңге; »;
алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші абзацтар алынып тасталсын;
және мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагог-психологтарының еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға-283 952 мың теңге;»;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге- 23 429 мың теңге;»;
7- тармақта:
он үшінші абзацта:
«26 118» сандары «46 192» сандарымен ауыстырылсын;
10- тармақта:
үшінші абзац мынадай реадкцияда жазылсын:
«азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 34 919 мың теңге; »;
және мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге -5 086 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1, 5 -қосымшалары осы шешімнің 1, 2 -қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Ырғыз аудандық мәслихаты Ырғыз аудандық мәслихатының
сессиясының төрағасы хатшысы
О.Нұрмағанбетов К.Қосаяқов
Ырғыз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185
«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бектіу туралы»
Шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына сәйкес «Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185 «2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы әзірленді.
2019 жылдың бюджетіне мынадай көлемде өзгерістер енгізіледі:
кiрiстер 4 266 200 мың теңге;
оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша 464 899 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша 20 855 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша 1 800 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша 3 778 646 мың теңге;
шығындар 4 279 671,7 мың теңге;
Бюджет тапшылығы- - 41015,7 мың теңге.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру- 41015,7 мың теңге.
Республикалық бюджеттен 487 656 мың теңге көлемде ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде:
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге- 169 447 мың теңге
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 274 636 мың теңге;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын көтеруге-23 429 мың теңге;
еңбек нарығын дамытуға-20 074 мың теңге;
«Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №185«2019-2021 жылдарға арналған Ырғыз аудандық бюджетін бектіу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімінің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 26 сәуірде, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 16 сәуірде орналастырылды.
Ырғыз аудандық қоғамдық кеңестің қорытындысы 2019 жылғы 26 сәуірдегі №22 хатымен алынды.
01/04/2019 жыл
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы №245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4807 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
2 тармағынын 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз ауданының бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);»
8 тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
9 тармағынын 7) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«7) көп балалы отбасыларға, 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
9 тармағынын 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«9) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
16 тармағының бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне, әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз аудандық бөлімінің не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Ырғыз ауданы әкімі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
__________ О.Нұрмағанбет
Аудандық мәслихаттың
хатшысы
____________ К.Қосаяқов
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасына
БАСПАСӨЗ- РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:
2 тармағынын 1) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз ауданының бөлімі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);»
8 тармағының 3) тармақшасы алынып тасталсын.
9 тармағынын 7) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«7) көп балалы отбасыларға, 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
9 тармағынын 9) тармақшасы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«9) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), 140000 (жүз қырық мың) теңгеге дейінгі шекте;»;
16 тармағының бірінші абзацы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
«16. Атаулы күндер мен мереке күндеріне, әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Ырғыз аудандық бөлімінің не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша, Ырғыз ауданы әкімі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».- деген өзгерістер енгізу ұсынылды. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №245 «Ырғыз ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімнің жобасы www.irgiz.aktobe.gov.kz сайтында 2019 жылы 1 сәуірде, ашық нормативтік құқықтық акт legalacts.egov.kz сайтына 2019 жылғы 1 сәуірде орналастырылды.
11/03/2019 ж
01/03/2019 ж
08/02/2019 ж