Сыбайлас жемқорлық іс-қимылына қарсы қабылданатын шаралар туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы негізінен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, олардың жолын кесуге, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы лауазымды адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар аясында мемлекеттік кірістер органы қызметкерлеріне төлем қабілеті төмен салық төлеушілер тарапынан пара беру фактісі анықталған жағдайда тиісті органдарға хабарлау туралы барлық қызметкерлерге түсінік жүргізілуде. Ғимараттың көрнекті жеріне осыған байланысты мемлекеттік және ресми тілде плакаттар ілінді. Басқарма басшысымен бағынысты қызметкерлерге мемлекеттік қызметшілердің этикалық талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға байланысты күн сайын қызметкерлерге қатаң ескертіліп болдырмау шаралары алынып келеді.
Сыбайлас жемқорлықты азайтудағы оң нәтижелерге қол жеткізу үшін 2019 жылдың 1- ші тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту жұмыстары жүргізілді, басты назар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және жоюға, басқарманың қызметкерлері, салық төлеушілер және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруына бағытталады. Өз кезегінде Ішкі қауіпсіздік басқармасының жұмысында сыбайлас жемқорлық фактілерін және ол жағдайларды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асыру басты назарда.
Қазіргі уақытта Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратында 14 бейнекамера тұрақты жұмыс жасап тұр;
Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігіне шағым жасау үшін 21-695 сенім телефоны тұрақты жұмыс жасап тұр. 2019 жылдың 1 тоқсанында сенім телефонына хабарламалар келіп түскен жоқ;
Ырғыз ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Ақпараттарды қабылдау және өңдеу бойынша орталығы» және кедендік одақ бөлімінде заңды және жеке тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған арнайы жәшік орнатылған. 2019 жылдың 1 тоқсанында заңды және жеке тұлғалардан арыз-шағымдар келіп түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қою, жемқорлық фактілерін болдырмау, алдын алу жөнінде түсіндірме, насихат жұмыстары жүргізіліп, үнемі техникалық сабақтар өткізіліп отырады.
Ырғыз ауданы
бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының басшысы
Ә.Н.Сәрсенбаев
Егер де Сіз сыбайлас жемқорлық көріністерімен және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кездескен жағдайда, онда келесідей әрекет етуге құқығыныз бар:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1494 call-center номеріне хабарласу;
2) Өтініш жазу және Маресьев көшесі 93 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің 030019 индексі бойынша пошталық мекен-жайына жіберу,72-83-36 немесе 72-83-31 телефондарына қоңырау шалу;
3) Өтініш жазу және «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалар өтініштеріне арналған жәшігіне салу (Ырғыз ауылы Алтынсарин көшесі №7);
4) Өтініш жазу және «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ пошталық мекен-жайына жіберу (030400, Ырғыз ауылы Алтынсарин көшесі №7);
5) Өтініш жазу және «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ электрондық мекен-жайына жіберу (irgizakimat@mail.ru);
6) «Ырғыз ауданы әкімінің аппараты» ММ сенім телефонына хабарласу(тел.:87134321774).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ағымдағы жылдың 28 наурызы7 желтоқсанына дейін республикалық «Адал жол – честный путь» марафон-эстафетасы өткізілуде. Бұл шараның басты мақсаты – қоғамда яғни халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Осыған сәйкес Ырғыз ауданында «Адал жол – честный путь» марафон-эстафетасы өткізілді. Марафон-эстафета барысында аудан көлемінде ауылдық округтерді қоса алғанда әр түрлі дәрежеде іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өтетін болсақ, спорттық түрлі жарыстар, мәдени шаралар, мектеп оқушылары арасында жас суретшілер байқауы, қоғамдық қабылдау ауылдық округтерде өткен шерулерді атап өтуге болады.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кезекті отырысының Хаттамасы
«19 » қыркүйек 2018 жыл. № ___ Ырғыз ауылы
Төрағалық етуші: М.Елеусізов – аудан әкімі, комиссия төрағасы
Қатысушылар: (тізім бойынша)
Күн тәртібі:
1. Ветеринария саласында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы.
Хабарламашы: Ырғыз аудандық ветеринария бөлімі басшысы Е.Жүсіпов.
2. Білім саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы.
Хабарламашы: Ырғыз аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әбенов.
3. Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының орындалуы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар туралы.
Хабарламашы: Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Ізбасарова.
Тыңдалды:
Күн тәртібі бойынша баяндамашылар хабарлама жасады.
Аудан әкімі, комиссия төрағасы М.Елеусізов күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін айтып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін сұрады.
Күн тәртібіндегі баяндамашылардың ақпаратын тыңдап және талқылап, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ақпараттар мәліметке алынып, сыбайлас жемқорлықпен күресу тиімділігін арттыру мақсатында ҰСЫНЫЛСЫН:
Ауданның мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне:
- Ырғыз ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жылдың аяғына дейін орындалуын қамтамасыз етсін;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау бойынша қажетті шаралар қабылдасын;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылмауы жөнінде шаралар қабылдау, оның ішінде олардың өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуын қамтамасыз етсін;
- сенім телефондарының жұмыс жасауын, шағым жәшіктерін уақытылы қарап отыруды қамтамасыз етсін;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қабылданған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын;
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, адам мен адамның қатысын болдырмау мақсатында электрондық қызмет көрсету саласын дамытсын.
2. Аудандық білім бөліміне:
- Жалпы орта білім беретін ұйымдарда «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмысын одан әрі жүргізіп, оқушылардың және түлектердің бойына адалдық, әділдік, асыл қасиеттерді сіңірудегі жұмыстар жүргізілсін.
3. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қызбергеновке жүктелсін.
4. Осы хаттамалық шешімді орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2018 жылғы 10 қазанға дейін аудан әкімі аппаратына жолдау қажет.
Комиссия төрағасы М.Елеусізов
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ырғыз аудандық ветеринария бөлімі бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтау қатаң бақылауға алынып келеді.
«Ырғыз аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының ауылдық округеріндегі ветеринариялық пункт меңгерушілерінің қатысуымен 2018 жылдың 30 мамырында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы тақырыбында семинар өткізілді.
Мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруден өткізу жөніндегі шараларды ұйымдастыруда 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 қазанына дейін ауданның барлық ауылдық округтері бойынша 10 121 бас мүйізді ірі қара, 45 503 бас қой-ешкі, 2 672 бас жылқы, 193 бас түйе малдарының 2018 жылғы төлдері бірдейлендіруден өткізіліп дерекқорға енгізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары аудан бойынша 2011 жылдан бастап жүргізіліп келеді. 2011 жылдан бастап 2018 жылдың 1 қазанына дейін барлығы 41 534 бас мүйізді ірі қара, 143 293 бас қой-ешкі, 12 574 бас жылқы, 1 371 бас түйе малдары бірдейлендіруден өткізіліп, дерекқорға енгізілді.
Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасының ережелерін күнделікті жұмыста қатаң басшылыққа алып және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үнемі жұмыстар жүргізіп келеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
2016 жылдың 1 тоқсаны
2016 жылдың наурыз айында аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кезекті отырыстары болып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның күн тәртібінде:
1. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізуге қатысты қабылданған шаралар туралы.
Башбаева Сәулеш - «Ырғыз аудандық қаржы бөлімі» ММ бас маманы.
2. Жер учаскелерін беру кезінде ашықтықты және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Ералин Аралбай - «Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы.
Комиссия төрағасы М.Дуанбеков күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін айтып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін сұрады.
Комиссияның шешімі бойынша ауданның мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне:
мемлекеттік сатып алудың рәсімін ұйымдастырғанда және өткізгенде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етсін;
өз мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауға бағытталған қосымша кешенді шараларды көздесін және жүзеге асырсын;
аудан көлеміндегі жер беру мәселесін бақылауға алуды күшейтсін;
уақытша өтеулі негізде берілген, мерзімі өтіп кеткен жер учаскелерінің санын анықтап, мониторингін жүргізсін;
бірлесіп, мақсаты бойынша пайдаланылмаған, игерілмеген жер учаскелерін меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан мәжбүрлеп қайтарып алу жөнінде шаралар қабылдасын;
«Өзіңнен баста» атты республикалық акцияға қатысуға атсалыссын;
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кұн тәртібінде:
1. Аудан аумағының жолдарындағы авариялық жағдайдың жай-күйі және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы.
Картеменов Балтабек - Ырғыз ауданы ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастығы
Нагимов Азамат Оразғалиұлы – «Ырғыз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» ММ бастығы.
2. Нұра ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
Удин Декарт – Нұра ауылдық округінің бас маманы.
Комиссия төрағасы М.Дуанбеков күн тәртібіндегі мәселенің өзектілігін айтып, комиссия мүшелерінің ұсыныс-пікірлерін сұрады.
Комиссияның шешімі бойынша ауданның мемлекеттік мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне:
құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу және анықтау бойынша жұмыстарды күшейту;
құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу мақсатында профилактикалық шараларды өткізуді ұйымдастыру;
құқық қорғау бағытындағы қоғамдық бірлестіктермен кездесу және халықпен жиналыс өткізуді қамтамасыз ету;
құқық бұзушылықтардың, оның ішінде, ұсақ құқық бұзушылықтардың барлық түрлерін анықтауда құқық қорғау органдарына ықпал ететін азаматтарды ынталандыру мәселелерін шешу;
жолдардағы апаттылықты тұрақтандыру және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, профилактикалық іс-шаралар («Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші қауіпсіздігі күні», «Абай болыңыздар, балалар», «Мас күйдегі жүргізуші» және т.б.) өткізуді ұйымдастыру:
жол-көлік травматизмінің алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігі аспекті ақпараттары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратттық жұмыстар жүргізу;
кәмелетке толмағандар арасында ұсақ құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларын жою бойынша сабақтан тыс уақытта педагогикалық жұмыскерлер мен оқушылардың қатысуымен ұдайы рейдтік іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
оқу-тәрбие процесінің шеңберінде мектеп оқушылары арасында құқықтық танымын арттыруға және құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттарын, әңгімелесулер, кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу;
тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру бойынша халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізе отырып, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтардың жүріп тұру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы буклеттерді таратып, қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» принципін үгіттейтін тақырыптық бейнероликтер дайындау және халыққа көрсету ұсынылсын.
Ырғыз ауданы әкімі аппаратының заңгері,
комиссия хатшысы А.ТҰРМАҒАНБЕТОВ
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша жадынама (жоғары кестеде көрсетілген)
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 6 бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары, оның ішінде әскери бөлім командирлері (бастықтары) өз құзыреті шегінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын орындауды қамтамасыз етуге міндетті. 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының ресми талқылауына сәйкес сыбайлас жемқорлық былай мазмұндалады:
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар – бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгiленген тәртiптiк, әкімшілік және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер.
Егер Сізге пара ұсынса немесе Сізден пара сұраса!
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде парақорлықпен байланысты екі қылмыс түрі қарастырылған:
- пара алу (366-бап); -
- пара беру (367-бап).
Бұл екі қылмыс бір жақты: егер пара туралы айтатын болсақ, бұл бір жақта оны алушы бар (пара алушы) және екінші жақта оны беруші бар (пара беруші).
Пара алу – бұл ең қауіпті лауазымды қылмыстардың бірі, әсіресе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе қорқытып алу жолдарымен жасалса, лауазымды адамның заңды немесе заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) нәтижесі бойынша артықшылық алуы және пайдасына жасалуы табылады.
Пара беру – лауазымды адамды қандайда бір артықшылық алуы және пайдасына заңды немесе заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) арқылы, жалпы қамқорлығына немесе қызметіне жол берушілікке бейімдеуге бағытталған қылмыс.
ПАРА БОЛУЫ МҮМКІН
Заттарға – ақша, оның ішінде валюта, банктік чектер және бағалы қағаздар, құнды метталдан және тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, азық-түліктер, бейнетехника, тұрмыстық пайдалануға қажетті тауарлар, пәтерлер, саяжайлар, қала сыртындағы үйлер, гараждар, жер телімдері және басқа жылжымайтын мүліктер.
Қызмет көрсету және пайда – ем қаблдау, жөндеу және құрылыс жұмыстары, шипажайға және түристік жолдама, шетел сапарын төлеу, ойын-сауық және басқа шығындарды төлеу, тегін немесе кемітілген бағамен беру.
Бүркемеленген пара түрі – банктік көмек несиесін қарызға алу немесе жоқ несиені өтеу, тауарларды төлеу, тауарларды төмен бағамен сатып алу, тауарларды ең жоғарғы бағамен сатып алу, жалған еңбек шартын жасап жемқорға, оның туыстарына, достарына еңбек ақы төлеу, жеңіл несие алу, дәріс беру, мақалалар және кітаптар үшін қаламақыны аса көтеру, ойынханадағы «кездейсоқ» ұтыстар, жалдау ақысын жеңілдету, несие мөлшерінің пайызын көбейту және т.с.с.
ПАРА АЛҒАНЫ ҮШІН КІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН?
Пара алушы – болып мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген лауазымды адам табылады.
Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар – мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.
ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДЫ САТЫП АЛУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлiк беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесiнде пайдалануы үшiн оған мүлiктiк сипаттағы заңсыз қызмет көрсету – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде (231-бап) коммерциялық сатып алу деп аталады.
ПАРАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КОМЕРЦИЯЛЫҚ САТЫП АЛУЫ ҮШІН ЖАЗА
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде пара алу пара беруге қарағанда қоғамға қауіпті әрекет болып қарастырылады.
Пара алу (366-бап):
Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның, өзi немесе делдал арқылы пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде пара алуы, егер, мұндай iс-әрекет (әрекетсiздiк) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiне кiретiн болса не ол қызметтiк жағдайына байланысты осындай iс-әрекетке (әрекетсiздiкке) мүмкiндiк жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметi бойынша жол берсе, - жетi жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер қылмысты мемлекеттік лауазымды атқарушы адамның жасауы, сол сияқты заңсыз iс-әрекет (әрекетсiздiгi) үшiн пара алуы – жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер қылмысты адамдар тобы алдын ала сөз байласып, қорқытып алу жолымен, ірі мөлшерде, әлденше рет жасалса – мүлкін тәркілеп жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пара беру (367-бап): Егер пара лауазымды адамға тікелей немесе делдал арқылы берілсе – жеті жүзден екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Егер пара лауазымды адамға заңсыз іс-әрекет (әрекетсіздік) жасауы үшін берсе – бір мыңнан үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамға пара беру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруғажазаланады ПАРАҚОРЛЫҚ НЕМЕСЕ ДЕЛДАЛ АРҚЫЛЫ САТЫП АЛУ
Параны көп жағдайларда – бағынысты қызметкерлері, жекеше, кәсіпкерлер, делдал фирманың жұмыскерлері арқылы алады және береді, бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде делдалдық болып қарастырылады.
Коммерциялық сатып алу – бағынысты қызметкерлері, бизнестегі серіктесі, арнайы жалданған адамдар делдал арқылы болуы мүмкін, бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде делдалдық болып қарастырылады. Пара берген немесе коммерциялық жолмен сатып алған азамат жауапкершілктен мына жағдайда босатылады, егер: - қорқытып алу фактісі анықталғанда; - азамат өз еркімен істеген әрекетін құқық қорғау органдарына хабарласа. Қорқытып пара алу немесе коммерциялық сатып алу фактісі туралы көрінеу жалған сөз жеткізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде қылмыс ретінде қарастырылады және алты жылға бас бостандығынан айыруға жазаланады. Пара тіклелей берілуі мүмкін («егер мәселе біздің пайдаға шешілетін болса, онда ... аласыз»), сондай-ақ жанама түрде берілуі мүмкін. Заведомо ложный донос о вымогательстве взятки или коммерческом подкупе рассматривается Уголовным кодексом Республики Казахстан как преступление и наказывается лишением свободы на срок до шести лет (ст. 351). Взятка может быть предложена как напрямую («если вопрос будет решен в нашу пользу, то получите……»), так и косвенным образом.
ПАРА ҰСЫНУДЫҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ
1. Пара алуы мүмкін туралы әңгіме астарлы сипатта болады, пара беруші туралы сөз бір жақты пікір, ашық айтып көрсетілмейтін арыз, даулы мәселелерді дұрыс шешу кезінде ол оған ақша береді немесе қандайда бір қызмет көрсетеді, ешқандай «қауіпті» мәнерге жол бермейді.
2. Әңгімелесу барысында куәгерлер немесе аудио, бейнетехникалар болған жағдайда пара беруші бұл мәселені басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екендігін қолмен немесе ымдау арқылы жеткізеді.
3. Параның соммасын немесе сипатын дыбыстай алмағанда, қағаз бетіне сәйкес цифрларды жазу арқылы немесе калькуляторға немесе компьютерге цифрлар санын теру арқылы ықтимал пара алушыға көрсету.
4. Пара алушы кенеттен әңгімесін үзіп мағлұматтар салынған папканы, конвертті, портфелды, оралған затты қалдырып сыпайы түрде бөлмеден (жайдан) шығып кетуі.
5. Пара беруші өзіне тікелей байланысты емес мәселелерді дұрыс шешу үшін басқа адамның ұсынысына жүгінуі мүмкін.
ПАРА ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ЖАҒДАЙЫ КЕЗІНДЕГІ СІЗДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІҢІЗ
- өзін өте мұқият ұстау, сыпайы, жағымпазданбай, аңғырт пікірлерге жол бермей, пара беруші (параны қорқытып алушы) оны пара алуға дайын екендігі туралы ұғынбауға жол бермеу немесе пара алудан (беруден) үзілді-кесілді бас тарту;
- Сізге айтылған ұсыныстарды зейін салып тыңдап, айнытпай есте сақтауға (сомма мөлшері, тауардың атауы және қызмет түрі, мерзімі және параны беру тәсілі, комерциялық сатып алу түрі, мәселені жүйелі шешу);
- пара беру уақытын және орны туралы мәселелерді келесі әңгімеге дейін қалдыруға тырысу және келесі кездесуге Сізге жақсы таныс жерді ұсыныңыз;
- әңгімелесу кезінде бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбінесе «тыңдаңыз», ықтимал пара алушыны (пара берушіні) «сөйлетіңіз», Сізге көп мағлұматтарды айтқызуға тырысыңыз;
- егер Сізде жаз құралы диктафон болған жағдайда пара ұсыну немесе оны қорқытып алу жағдайын (білдіртпей) жазып алыңыз.
ПАРАНЫ ҰСЫНУ НЕМЕСЕ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ФАКТІСІ БОЛҒАННАН КЕЙІН СІЗ ҚАНДАЙ ШАРА ҚОЛДАНУЫҢЫЗ ҚАЖЕТ?
1. Аталған факті туралы гарнизонның әскери полиция органдарына, жергілікті әскери прокуратура органдарына (азаматтық тұлғаларға – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігіне, облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттеріне) хабарлаңыз.
2. Дайындалып жатқан қылмыс туралы жергілікті құқық қорғау органдарына ауызша немесе жазбаша түрде арыздану. Жергілікті әскери билік органдары өкілдері (әкімшілік аппараты) тарапынан пара ұсыну немесе қорқытып алу жағдайларында, Сіз тікелей құқық қорғау қызметкерлеріне, немесе мемлекеттік мекемелердің немесе осы органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері жөніндегі қызметтік қауіпсіздік бөлімшелеріне олардың қызметкерлеріне қатысты арыздану.
3. Құқық қорғау органдары басшыларына қабылдауына жазылып, онда Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу жөнінде арыздануыңызға болады.
4. Сізге пара ұсыну немесе қорқытып алу фактісі жөнінде арызданып, онда нақты көрсетуге тиіссіз: қай лауазымды адам (мекеменің атауын, лауазымын, аты жөнін, әкесінің аты жөнін тегін) Сізге пара ұсынғанын немесе қорқытып алғанын көрсетуге; ұсынылған параның соммасын немесе қорқытып алу сипатын көрсетуге;
нақты қандай әрекетке (әрекетсіздікке) Сізден пара ұсынуы немесе қорқытып алуы туралы көрсетуге;
қай уақытта, қай жерде және қандай түрде тікелей пара беру болатыны жөнінде көрсетуге; одан әры-қарай құқық қорғау органының нұсқауына сәйкес әрекет етуге;
белгіленген тәртіппен жолдауға.
БҰНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ! қылмыстың жасалған орнына және уақытына қарамастан қылмыс туралы ауызша хабарламалар және жазбаша арыздар құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады. Егер Сізден пара беру хабарламасын (арызын) алудан бас тартса бұл заңсыз әрекетті жоғары тұрған органға шағым түсіруге, сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеті туралы жоғары тұрған органға шағымдануға, құқық қорғау органының және күштік құрылымдардың әрекеттеріне прокурорлық қадағалау жүргзіуге шағымдануға құқылысыз.
ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ … Қазақстан Республикасының Үкіметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекітті (2012 жылғы 23 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1077 қаулысы). Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде көтермелеуберіледі. Ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша – 30 айлық есептік көрсеткіш; 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 айлық есептік көрсеткіш; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша – 50 айлық есептік көрсеткіш; 4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ауыр қылмыстық істер бойынша – 70 айлық есептік көрсеткіш; 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы аса ауыр қылмыстық істер бойынша – 100 айлық есептік көрсеткіш. Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайларда, грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін. Көтермелеуді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе қылмыс жасау фактісі туралы хабарлауды;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беруді;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтау, жолын кесу және ашу үшін кейіннен маңызыболған өзге де жәрдем беруді қамтиды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты: 1) әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы заңды күшіне енген;
2) айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) ақталмайтын негіздер бойынша істі қысқарту туралы қаулы шығарылған жағдайда ғана төленеді.
Адамды көтермелеу туралы материалды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган көтермелеуге құқығы пайда болған күннен бастап он күн ішінде қалыптастырады және комиссия қарауына жібереді және мынадай:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның өтініші;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс қылмыс фактісі бойынша, адамның өтініші туралы арыздарды, ақпаратты есепке алу кітабында тіркелген арыздың көшірмесі немесе адамның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты немесе қылмысты анықтауға, жолын кесуге және ашуға жәрдем бергенін растайтын өзге де құжаттар;
3) әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманың немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау жөніндегі қаулының көшірмесі;
4) әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот қаулысының көшірмесі;
5) қылмыстық іс қозғау туралы қаулының немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасының көшірмесі;
6) заңды күшіне енген айыптау үкімінің не ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі қамтылуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактісі туралы хабарлаған немесе өзге де жолмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсеткен адамдарды көтермелеу мәселелері қардылық құжаттарға қол қою құқығы берілген қаржы полициясы органдарының уәкілетті адамдары қарайды.
Қаржы полициясы тиісті органының басшысы бес жұмыс күні ішінде тұлға біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу үшін негіз болып табылатын көтермелеу туралы бұйрық шығарады. Біржолғы ақшалай сыйақыны төлеу көтермелеу туралы бұйрық шыққаннан күнінен бастап он бес күн ішінде адамның жеке немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізіледі. Көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен жауапты болпды. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне сот тәртібімен шағымдануға болады.