Аппарат басшысы

Қонақбаев Серік Көбекұлы
1980 жылы 28 қарашада Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. 2005 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жоғары кәсіби білімді мәдени көпшілік жұмысын ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітіріп шықты.
1997-2007 жылдары Арай мәдениет үйінде әдіскер және Фольклор коллективінің балетмейстері, балетмейстер және көркемдік жетекші, директор қызметтерін атқарды;
2007-2012 жылдары аудандық ішкі саясат, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман қызметтерін атқарды;
2012-2015 жылдары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінде жетекші маман, бас маман бөлім басшысы қызметін атқарған;
2016 жылдан бастап қазіргі күнге дейін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет жасап келді.
Ырғыз ауданы әкімі аппаратының басшысы (санаты Е-2)
Аудан әкімдігі мен әкімнің қызметін ақпараттық-сараптамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, аудандық әкімшілік-аумақтық құрылысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің кадр саясатын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Аудан әкімі аппаратының облыс әкімі аппаратымен, басқа да жоғары, сондай-ақ жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың аппараттарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімдігі мен әкімнің актілерінің әзірленуін, жоғары тұрған органдардың акітлерін орындауды ұйымдастырады, тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі бөлігінде атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді, аудан әкімі аппаратының шаруашылық жұмыстары қызметіне жалпы басшылық жасайды. Оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында аудандық мемлекеттік органдармен және атқарушы органдардың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.