Ауданның әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері

2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы ауданның
әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындысы туралы
Өнеркәсіп. Аудан бойынша 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 567,5 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 100,1 пайыз.
Ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 10281,8 млн. теңге немесе 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда өсім 6,8 %.
Инвестиция.
Негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлемі 3653 млн. теңге, немесе наты көлем индексі 142,8 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1453,4 млн.теңге (2017 жылы -433 млн.теңге), жергілікті бюджеттен -995,2 млн.теңге (өткен жылы-834,2 млн.теңге), жеке көздерден 1181,3 млн.теңге (өткен жылы 975,2 млн.теңге), несие 0,0 млн.теңге (өткен жылы 54 млн.теңге), басқалай 23,3 млн.теңге.
Құрылыс.
Құрылыс жұмыстарының көлемі қаңтар- желтоқсан айларында 2447,3 млн.теңге, немесе 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларымен салыстырғанда- 4 есе артық.
Барлығы 8914 шаршы метр тұрғын үй салынды (жекелер қаржысымен), өнақты көлем индексі 104,3 пайыз.
Кәсіпкерлік.
Тіркелген шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 2019 жылдың 1- қаңтарына 654 бірлік, 2017 жылдың қаңтар -желтоқсанымен салыстырғанда 12 пайызға өскен. Белсенді субъектілер саны-649 бірлік, өткен жылға 115,1 пайыз.
Бөлшек сауда.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 1123,1 млн. теңге, немесе нақты көлемінің индексі 112,9 пайыз.
Жұмыспен қамту.
2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 403 жаңа жұмыс орны қосылды (2017ж-330), 1159 адам еңбекке орналасты (2017ж-109,5 пайыз), ақылы қоғамдық жұмысқа – 540 (103,8 пайыз), қысқа мерзімді курстарға 105, кәсіпкерлікке оқу Бастау Бизнес -93, әлеуметтік жұмыс орындарына - 52, жастар тәжірибесінен өтуге 66 жұмыссыз адам жіберілді.
Бюджет.
Жергілікті бюджетке 571,5 млн. теңгенің салық түсімін кірістеу жоспары нақты 585,7 млн. теңге, немесе 102,4 пайызға орындалды, өткен жылдан 67 млн. теңгеге немесе 12,9 пайызға артық.
Бюджет шығысы 100 пайызға атқарылды.