Аудан әкімінің орыбасары

ҚЫЗБЕРГЕНОВ НҰРЛАН ҚАСЫМХАНҰЛЫ
Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары (санаты Е-1)
1968 жылы 18 мамырда Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туған.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Мамандығы – экономист.
Экономика мәселелерімен айналысады. Кәсіпорындарды реструктуризациялау және банкроттау, отын энергетикалық кешендерін дамыту, тұтыну рыногын қалыптастыру, ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын іске асыру, жер қатынастарын реттеу, өртке қарсы күрес қызметін ұйымдастыру, базарларға және бір жолғы талондар бойынша қызмет ету жұмысын ұйымдастыру; индустриалдық-инновациялық даму, құрылыс және сәулет, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халықтың өзін-өзі азық-түлікпен қамтуы, ауданның жалпы дамуы, сыртқы экономикалық іс-қимыл мәселелерімен айналысады. Аудандық экономика, статистика, қаржы, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдердің қызметінің іс-қимылдарын үйлестіреді, коммуналдық меншік, экономика, құрылыс-сәулет, ауылшаруашылығы салаларының, байланыс және коммуникация, көлік қызметтері мен оларды дамыту мәселелеріне, қысқы жағдайға жұмыс істеуге кәсіпорындар мен ұйымдардың дайындығына бақылау жасайды. Басқа да аудандық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, қызметіне қарасты бағыттар бойынша ведомствоаралық комиссиялардың, жұмысшы топтарының қызметін басқарады.