Аудан әкімінің орынбасары

ШАХИН АҚҚАНАТ ӘЛІШБЕКҰЛЫ
Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары (санаты Е-1)
1961 жылы 16 қазанда Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туған.
Қазақстан менеджмент, экономи және болжау институтын бітірген.
Мамандығы - әлеуметтанушы.
Ішкі саясат мәселелерімен, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, ұлттық және жастар саясатын іске асыру, отбасы және әйелдер, көші-қон және демография саясатын іске асыру, мемлекеттік наградалармен марапаттау, сайлаулар мен референдумдар өткізуді үйлестіру, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, тілдер, әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету мәселелерімен айналысады. Аудандық ішкі саясат, білім, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, “Ырғыз” газеті редакциясының, мүгедектер қоғамының, ардагерлер кеңесінің, пошта байланыс торабының, телеорталықтың, мемлекеттік төлем орталығы аудандық бөлімшесінің іс-қимылдарын үйлестіреді. Басқа да аудандық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, қызметіне қарасты бағыттар бойынша ведомствоаралық комиссиялардың, жұмысшы топтарының қызметін басқарады.