"Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар депртаментінің «ӨС және АҚЖҚ» ММ Ырғыз ауданының №9 өрт сөндіру бөлімі"

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ Ырғыз ауданындағы №9 Өрт сөндіру бөлімінің тарихы
Облыстағы Ақтөбе қалалық өрт командасы 1918 жылы құрылып, 1935 жылға дейін ол дербес құрылымдық бірлік ретінде қала аумағында өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырған. Қарамағында 20 ат, 6 арба, 20 бөшке ғана бар қалалық өрт камандасының тұңғыш бастығы М.Г. Юдин деген азамат болған.
1921-1925 жылдары өрттен қорғанудың басқарушы органы Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің жалпы бөлімі болды. Әуелі құрамда 8 адам болып, 1926-1932 жылдары штат саны 18 адамға, 1931-1934 жылдары 21 адамға дейін өскен және қарамағында 10 ат, 5 бөшке, 1 су шашатын қондырғысы бар автокөлік болған. 1936 жылы өрт сөндіру командалары Ішкі істер Халық комиссаритының қарамағына енеді. Бұл уақытта Ақтөбе қаласының өрт командасының құрамы 60 адамға дейін өсіп, автоцистерна орнатылған 3 автокөлікпен жабдықталған. Өрт сөндіру қызметі 1997 жылға дейін ҚР Ішкі істер министірлігі жүйесіне болды, 1997-2014 жылдар аралығында ҚР Төтенше жағдайлар министірлігі құрылып, қайтадан 2014 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті болып құрылды.Ұлы Отан соғысы және одан кейінгі жылдары Ақтөбе қаласын өрттен қорғау командаларында 67 адам болған. Өрттен қорғану ісі кеңестік дәуірде КСРО және Қазақ КСР Министрлер кеңесінің арнайы қаулысы қабылданғаннан кейін, түпкілікті жақсарды. 1964 жылы облыстық барлық аудан орталықтарында жеке құрамы 11-15 адамдық мамандандырылған өрт сөнідру бөлімдері құрылды.
Ырғыз ауданында Мемлекеттік сақтандыру қаржысы есебінен өрт депосы ғимараттары салынып, мемлекеттік өрт қадағалау инспекторлары жұмыс жасады. Ырғыз ауданында да осы жылы өрт сөндіру бөлімі ашылып, автокөлікпен жабдықталды. Құрылымдық өзгерістерге байланысты Ырғыз ауданы орталығында 1972 жылы № 9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі болып қайта құрылып, жеке құрамында, екі арнаулы өрт сөндіру, 1 шаруашылық автокөліктері, 1 мотоцикл болған. Сондай-ақ өрттің алдын-ала бақылау инскпекциясы жұмыс істеді.
2000-2005 жылдары № 9 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі, 2005-2008 жылдар аралығында № 9 өрт сөндіру бөлімі, 2008 жылы Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің Ырғыз ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімі болып қайта құрылды. 2008 жылы бөлімнің жеке құрамы 16 бірліктен тұрды, 3 арнаулы өрт сөндіру техника, 1 шаруашылық автокөлік, 1 депо, басқа да өрт сөндіру құралдарымен жабдықталды.
Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару және авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің негізгі міндеттері болып табылады.
Аудан көлемінде өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және бола қалған өрт оқиғасын тез әрі шығынсыз сөндіру мақсатында село орталығындағы мекемелермен бірлесіп өрт тактикалық сабағы жүргізіледі.
Ырғыз ауданындағы № 9 өрт сөндіру бөлімінде штат бойынша - 15 адам. Қазіргі уақытта – 13 қызметкер жұмыс жасайды, Бөлімде – 2 бірлік техника: 1-жүрісте АЦ-2,5-40, Зил – 4333-7 ВР м/н D 632 BW, 2008 ж шығарылған, қосалқы жүрісте АЦ-2,5-40 Зил-433362, м/н D 827 ВА 2002 ж шығарылған. Өрт сөндіру автокөліктері өрт сөндіру қару –жарақтарымен толық қамтылған.
Мекемеге 1950-1965 жылдары Ақшабаев Тұрабай, 1965-1969 жылдары Әсекешов Тұрабай, 1969-1974 жылдары Үдербаев Әбдікәдір, Әлімет, Бөлеков Жолдыбайлар, 1974-2000 жылдар аралығында Мектепбаев Жолмағанбет, 2000-2006 жылдары Тақашов Сапарғали, 2006-2007 жылдары Ізімғалиев Ғани, 2008-2009 жылдары Қалмырзаев Талант, 2009-2013 жылдары Ермағанбетов Марал, 2014 жылдан қазіргі уақытта Қалмырзаев Талант Мерекеұлы басқарады.
Өрт сөндіру бөлімінде ұзақ жылдар қызмет еткен Ермағанбетов Төлебай, Бабанов Тайбек, Шақуов Кеңес, Әттеиов Амангелді, Байманов Ордағали, Ақашов Смадияр, Тақашев Сапарғали Ешмұрат Асылбек, Алпысбаев Боранбай осы салаға көп еңбек сіңірді және өртке қарсы қызмет органдарының ардагерлері.