Аудандық мәслихат

ҚОСАЯҚОВ КӨПТІЛЕУ ӘБДІРАШҰЛЫ
Ырғыз аудандық мәслихатының хатшысы
Қосаяқов Көптілеу Әбдірашұлы 22 тамыз 1960 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз ауылында туған. Білімі жоғары. 1983 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы экономист.
Еңбек жолын 1977 жылы ХХІҮ партсъезд атындағы совхозда жұмысшы болып бастаған. 1978-1983 жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының студенті, 1983-1989 жылдары Ақтөбе облысы бойынша облыстық қаржы бөлімінде аға бақылаушы-тексеруші, Ырғыз ауданы бойынша аға-бақылаушы – тексеруші, Кеңес Армиясы қатарында, Ырғыз аудандық халықтық-бақылау комитетінде инспектор болып жұмыстар атқарған.
1989-1994 жылдары Қазақстан Компартиясы Ырғыз аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, ХХІҮ партсъезд атындағы совхозда бас экономист, аудан әкімі аппаратының экономика бөлімінің меңгерушісі болып қызметтер жасаған.
1994-2006 жылдары Ырғыз ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы.
Салық қызметінің қалыптасуына сіңірген еңбегі үшін 2001 жылы Республика Салық қызметінің үздігі атағы берілді.
2002 жылы аудан экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» атағы берілді.
2002 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мерекелік медалімен марапатталған.
2012 жылдың қаңтар айынан бастап Ырғыз аудандық мәслихат хатшысы болып қызмет жасап келеді.
Жанұялы. Жанұясында әйелі және төрт баласы бар.