«ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Қалтай Алтай Сәдуақасұлы
Ырғыз аудандық аумақтық инспекция бастығы (санаты Е-R-1)
1962 жылы 5 шілдеде Ырғыз ауданы Ырғыз селосында туған. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – агроном
Функционалдық міндеті:
Инспекция бастығы Инспекцияның қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды, заңнамада белгіленген тәртіпте Инспекция қызметкерлерін мадақтау және тәртіптік жазаға тарту жөніндегі ұсыныс енгізеді, Инспекцияны мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарға ұсынады, заңнамада белгіленген тәртіпте іс-сапарға жіберу, демалыстар беру мәселелерімен келіседі, өз құзыреті шегінде Инспекцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі Ырғыз ауданы аумағында өзінің құзыреті шеңберінде өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, астық нарығы және тұқым щаруашылығы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығында жаңа селекциялық жетістіктерді қолдануға бақылауды жүзеге асыруды, тұқым шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарын сұрыптық сынау, астық сапасына, оның ішінде астықтың мемлекеттік ресурстарының сақталуына және сандық-сапалық жағдайына, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру, техникалық инспекция саласында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласында өндіріс арасындағы үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық органы (бөлімшесі) болып табылады.
Инспекция өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Бөлім туралы ақпарат
Электронды поштасы
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Барысбаев көшесі 7-үй
1, 2, 3, 4 -кабинеттер
Байланыс телефондары (8-713-43)
Қалтай Алтай Сәдуақасұлы G-R-1, тел: 21-6-43, Корпоратив. линия-197100
Бөлекбаев Жасар Сағынайұлы Бас маман G-R-4,тел: 21-6-43, КЛ-197101
Бас маман Е-R-4, тел: Корпоратив.линия 197102
Төлегенова Роза Бақыткерейқызы Бас маман Е-R-4, тел: 21-8-48, КЛ-197103
Факс 21-6-43
Бөлім бастығының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 15.00-17.00 аралығы 2-кабинет