Әділет кеңес береді!

Ырғыз ауданы орталығындағы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында, 2018 жылдың 20 сәуір күні «Әділет кеңес береді» акциясы өтті. Акция барысында Ырғыз аудандық әділет басқармасының басшысы Ж.Төрежанұлы, Ырғыз ауданы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Тұрымов, Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Ералин, нотариус Ж.Балданова, «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің Ырғыз аудандық бөлімшесінің басшысы Б.Итібаев, Жер кадастры және Жылжымайтын мүлікті техникалық түгендеу департаментінің Ырғыз бөлімінің басшысы А.Дүйсенбай және Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының Ырғыз аудандық филиалының директоры Г.Шамиева тұрғындарға заңды қызмет көрсету және құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Акция нотариаттық іс-әрекеттер, жылжымайтын мүлікті тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер, тұрғын үй, құрылыс салу, несие алу, шағын және орта кәсіпкерлікті ашу, тағы да басқа мәселелер бойынша сұрақтар негізінде өрбіді.
Осы акция аясында жылжымайтын мүлікті тіркеу, алимент өндіру, уақытша тіркеу және тұрғындарды тоғандырып жүрген көптеген сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды.