Ашық есік күні!

2018 жылдың 16 сәуірі күні сағат 15:00 ден 17:00 дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы -«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ырғыз аудандық бөлімінде (ЦОН) «Ырғыз аудандық құрлыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру», «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру», «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру», «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша «Ашық есік күні» акциясы аясында 2 жеке тұлғаға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Ашық есік күні» акциясында жеке және заңды тұлғаларды қабылдауды бөлімнің жетекші маманы Т.Бердібай өткізді.