Жаңа қызмет тәртібінің ерекшелігі

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығыдепартаментінің Ырғыз аудандық бөлімінің және Ырғыз аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен бірлесе аудандық перзентханада болып, проактивті тәсілмен қолжеткізген жас аналарды құттықтап, куәліктері табысталды. Жаңа туған азаматты тіркеу бойынша өтініш автоматты түрде келетін болады. Бала өмірге келісімен, оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша ұсыныс жасалады. Баланы тіркеу,куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою қызмет түрлерін SMS арқылы ала алады. Проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты енді мемлекеттік қызметтерді алу үшін мекемелерге бармай-ақ, барлық қажетті қызметтерді ұялы телефонына келген SMS-хабарлама арқылы алуға болады.