Кәсіпкерліктің мүмкіндігі кеңінен талқыланды

3 қазан 2017 жылы аудан орталығындағы "Наурыз-СИМ" мейрамханасының жиналыс залында "Ырғыз ауданы кәсіпкерлерінің ІІ слеты ұйымдастырылды. Слетқа 80 кәсіпкер. аудандық маслихат хатшысы К.Қосаяқов, Өңірлік кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі И. М.:Сарсенбаев және аудандық мекеме-кәсіпорын басшылары қатысты. Аудан кәсіпкерлері алдында Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының Ырғыз аудандық филиалының директоры Г.А.Шамиева өңірлік палатаның 2017 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстарының жайлы хабарлама жасады. Аудандық маслихат хатшысы К.Қосаяқов аудандағы орта және шағын кәсіпкерліктің жайы туралы анықтама берді. Сонымен қатар, файеде "Бақша өнімдері" көрмесі ұйымдастырылды. ауылдық округтерден жеке кәсіпкерлер мен шаруа шаруашылықтары биылғы жылғы бақша өнімдерін ұсынды. Самара-Шымкент тас жолы бойынша жеке кәсіпкер Өтемамбетова Лиза замануи талапқа сай салынған "Айнагүл" кафесінің тұсау кесері өтті.