Т А Ғ А Й Ы Н Д А У !

Ырғыз ауданы әкімінің 2017 жылғы 22қыркүйектегі №-342ө өкімімен «Ырғыз аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметіне Байтақов Ғалымбек Қалмағанбетұлы тағайындалды.
***
Ғ.Қ.Байтақов 2 шілде 1980 жылы Құйлыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы ағылшын тілін меңгерген референт-құжаттанушы. 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогика университетін бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы «Тәуіп» өндірістік кооперативінде тракторист болып бастаған. 1999-2004 жылдарда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік педагогика университетінде студент. 2005-2008 жылдар кезеңінде Тәуіп селолық округінің жетекші маманы болған. 2008-2012 жылдарда Жайсаңбай ауылдық округінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2012-2017 жылдары Жайсаңбай ауылдық округінің әкімі. 2017 жылдың 22 тамызынан бастап осы кезге дейін Ырғыз ауданы әкімі аппаратының персоналды бірыңғай басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарып келді. Отбасылы, отбасында әйелі 2 баласы бар.