Деректер мен дәйектер

*Жерлестер форумына АҚШ, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Украина, Армения және Әзірбайжан секілді шет елдерде тұратын 200-ден астам ақтөбелік қатысуға ниет білдірді.
*Форум кезінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында бой көтерген жаңа нысандар ашылып, облыстың әлеу­меттік-экономикалық дамуы бағытында­ғы өзара ынтымақтастық жөніндегі мемо­ран­думдарға қол қойылады.
*«Қасиетті Қазақстан» базалық жобасы аясында «XVII-XVIII ғғ. қазақ-жоңғар қақтығыстарындағы халық батырларының рөлі: қазақ бірегейлігінің қалыптасуы» атты республикалық ғылыми-практи­ка­лық конференциясы өткізіледі.
* Есет батыр Көкіұлына, мемлекет қайраткері, заңгер Нағашыбай Шәйкеновке, Жалаң­төс Бахадүрге және Дербісәлі Беркімбаевқа ескерткіш орнатылады.
*Форум аясында атақты ақтөбеліктер түрлі семинарлар өткізіп, шеберлік сабақтарын ұйымдас­тырады.
*Қайырымдылық концерттер болады. Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өтеді. Форум кезінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынып жатқан Жастар сарайы, Жекпе-жек сарайы мен Шығармашылық академиясын ашу жоспарланған.