Жастар мәселелері қаралған жиын

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Игорь Тұртаев, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Серік Қонақбаев, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлнар Жансүгірова, Нұра ауылдық округінің әкімі Төлебай Жолаушыбай баяндама жасады.
Жиын барысында жас отбасыларды қолдау, тұрғын үймен қамту бойынша атқарылған жұмыстар, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында мәдени көпшілік шаралардың ұйымдастырылуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының ауданда жүзеге асырылуы, Нұра ауылдық округі бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуы бағытындағы атқарылған жұмыстар туралы айтылды.