Кәсіпкер жастарға көмек!

«Нұр Отан» партиясы Ырғыз аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауды алу мәселелері туралы азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» акциясы өтті. Акцияға партияның аудандық филиалы қызметкерлері, аудандық әділет басқармасының, кәсіпкерлік бөлімінің, жұмыспен қамту орталығының және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалының басшылары қатысты.
Кәсіппен айналысуды мақсат еткен жастар өкілдеріне қабылдау барысында мамандар тарапынан кеңестер берілді. Мемлекеттік бағдарламалардың мән-маңызы түсіндірілді.