Акбота Жаспановаzhaspanova_akbota@mail.ru

Аудан Әкімі Елеусізов Мәди Қанатбайұлынан көмек сұраймыз. Аудандағы келеңсіз жағдай xалықтың мазасын алуда! Ауданда белгісіз жәндіктер толып кетті солардың кесірінен xалықтың мазасы қашты үйді улау жұмыстарын жүргізгеннен ешқандайда пайда болмай отыр ақшанын барі босқа желге ұшуда ! Сондықтан сізден ауданда жаппай улау жүмыстарын жүргізуіңізді сұраймыз?

Сіздің менің атыма жазған өтінішіңізге байланысты келесідей жауап беріледі:
Сіздің өтінішіңіз түскеннен кейін 20 маусым күні Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясы мен «РФД және БӘО» Ырғыз аудандық филиалының мамандары үйіңізді қарап, жәндіктерді арнайы ыдысқа салып, қандай жәндік екендігін анықтап беруге Ақтөбе қаласындағы өсімдіктер карантиндік зертханасына фотосуретке түсіріп жіберді. Карантиндік зертхана қызметкерлері қоңыздың бұл түрі бомбалаушы қоңыз екендігін хабарлады. Олардың түнге қарай қозғалыста болып, күндіз қараңғы жерді паналайтынын және ылғалды суға жақын жерлерде көптеп кездесетіндігін анықтап берді.
Аудан аумағының далалық алқаптарында немесе елді мекендерінде зиянды организмдердің ошағы анықталған жағдайларда ғана бюджет қаражаты есебінен зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес жергілікті органның тиісті шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың үй-жайларында пайда болған зиянды жәндіктермен күресу, жою шаралары әркімнің өз күшімен немесе дезинфекция жасайтын арнайы ұйымдар арқылы жеке қаражаттары есебінен жүргізілуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың үй-жайларында пайда болған жәндіктерге қарсы күресу шаралары үшін ҚР-ның заңнамаларына сәйкес бюджеттен қаражат қарастырылмайды.
Категория: 
Экология