Аудан әкімі М.Елеусізовтің 2017 жылғы 27 қаңтардағы тұрғындармен есепті кездесуіне дайындық барысында және оны өткізу кезінде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат (2017 жылғы 1 маусы

Аудан әкімі М.Елеусізовтің 2017 жылғы 27 қаңтардағы тұрғындармен есепті кездесуіне дайындық барысында
және оны өткізу кезінде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар
жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат
(2017 жылғы 1 маусымға)
Түскен сұрақтар мен ұсыныстар
Орындау мерзімі және жүзеге асыру шаралары
Орындалуы
Ескертпе
1
Ырғыз ауылының көшелерін асфальттау
Ырғыз ауылының Ә.Жангелдин, Т.Жүргенов, Ө.Қанахин көшелерін орташа жөндеуден өткізу.
2017 жыл ішінде
Ырғыз ауылының ауылішілік жолдарының 1,9 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстарына 2017 жылға 128 млн. 992 мың теңге бөлінді. 1 маусымға 52 992,0 теңгесі игерілді.
Шешілу сатысында
2
Құтикөл ауылы Жарма көпірін қайта жарақтандырудың жобалық-сметалық құжатын дайындау
Құтикөл ауылы Жарма көпірін қайта жарақтандырудың жобалық-сметалық құжатын дайындау
2017 жыл ішінде
Құтикөл ауылындағы «Жарма» көпірін қайта жарақтандырудың жобалық сметалық құжатын дайындауға «Спецдиагностика» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2017 жылы 3 сәуірде келісім шарт жасалды. Геологиялық түсірілім жұмыстары жүргізілуде.
Шешілу сатысында
3
Ақши ауылында 100 орындық мектеп құрылысын салу
Ақши ауылында 100 орындық мектеп құрылысын салу
2017 жыл ішінде
Ақши ауылындағы 100 орындық орта мектептің құрылысын салуға «Сак групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз болып анықталды. Мектептің іргетасы құйылып, қабырғалары қалануда. Тапсырыс беруші «Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Шешілу сатысында