Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерім - нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласында өтетін Ырғыз ауданының күндері аясындағы мерекелік іс-шаралар бағдарламасы

2 қыркүйек 2016 жыл
10.00 – «Тарихқа тағзым». Қазақстан мен Ресей арасындағы достық келісімге қол қойылуының 285 жылдығына орай Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі
11.00 – «Ғұмырын халқына арнаған қайраткер» атты облыстық өнер музейінде мемлекет қайраткері Ұ.Құлымбетовтің туғанына 125 жыл толуына арналған мәдени-танымдық шара
15.00 - «Туған жерім - тұғырым» атты С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Ырғыз ауданында туып-өскен ғылым-білім, әдебиет, өнер саласындағы еңбек сіңірген тұлғалармен кездесу
18.00 – Ырғыз халық театрының «Жүрейік жүрек ауыртпай» атты Бексұлтан Жәкиевтің драмасының «Алақай» қуыршақ театрындағы қойылымы
3 қыркүйек 2016 жыл
9.00 – «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, аудан өнерпаздарының концерті
11.00 — «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары.
— Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары.
— «Жайсаң» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шаралары.
19.00 - Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта:
Өндірушілердің және халықтық қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорттық ойындар
«Жармола жаңғырығы» атты театрландырылған көрініс
20.00 - «Ырғызым - ырысым» атты аудан көркемөнерпаздары мен ырғыздық жерлестердің бірлескен мерекелік Гала концерті