Ауылшаруашылығы саласы

Тәуелсіздік шежіресі
Ырғыз ауданының ауыл шаруашылығы саласы
2005 жылы 180 шаруашылық болса, 2016 жылдың 1 қаңтарына шаруашылық құрылымның саны 227-ге жетті, оның ішінде 20 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 10 өндірістік кооператив, 197 шаруа қожалықтары жұмыс істеуде.
Аудан бойынша меншіктің барлық түрлері бойынша 29275 бас мүйізді ірі қара, 97825 бас қой-ешкі, 6903 бас жылқы және 1156 бас түйе бар.
Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2016 жылдың 1 қаңтарында 7244 млн. 286 мың теңге болып, соңғы жылдары 3,2 есеге өсімді көрсетті.
2002 жылдан бастап «Алтын-Әсел» ЖШС асыл тұқымды қой өсіретін шаруашылық статусын алып жұмыс жасауда.
2003 жылы ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тікелей несиелендіретін «Ырғыз селолық кредиттік серіктестігі» ЖШС құрылды. 2016 жылдың 1 қаңтарына мал өсіретін 86 шаруашылық құрылымына 742 млн. 370 мың 525 теңге несие берілді.
2004 жылдан бастап барлық ауылдық округтерде мүйізді ірі қараны қолдан ұрықтандыру пунктері ұйымдастырылып, арнайы мамандармен және 446,0 мың теңгенің құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді.
2011 жылдан бастап мал тұқымын асылдандыру және мал басын көбейту мақсатында «Жайылымдық қой», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Жайылымдық қой» бағдарламасы бойынша 11 ауыл шаруашылық құрылымы 66 млн. 316 мың 500 теңгеге 5268 бас саулық қой (оның ішінде 676 басы асыл тұқымды), 282 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2011 жылдан бастап 50 ауыл шаруашылық құрылымы 296 млн. 457 мың 700 теңгеге 91 бас асыл тұқымды бұқа малын, 1843 бас аналық сиыр малын сатып алды.
«Құлан» бағдарламасы бойынша 2014 жылдан бастап 11 ауыл шаруашылық құрылымы 110 млн. 32 мың 700 теңгеге 368 бас бие, 33 бас айғыр малдарын алды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылдан 6 ауыл шаруашылық құрылымы 18 млн. 966 мың теңгеге 1520 бас саулық қойын, 76 бас асыл тұқымды қошқар малын сатып алды.
2012 жылғы наурыз айынан «Ырғыз аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ашылып жұмыс жасай бастады.
Ауданда 1991 жылы тек қана қоғамдық секторда 5 мың 815 тонна тірілей салмақтағы ет өндіріліп келген болса, аудан бойынша өнділетін ет 1999 жылы 3 мың 700 тоннаға дейін кеміп, 2016 жылдың 1 қаңтарына 7 мың 771 тонна өндірілді немесе 1998 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсімді көрсетті.
2015 жылғы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен мал басын өсіру рейтингінде бойынша Ырғыз ауданы облыста бірінші орынға шықты.
2015 жылдың желтоқсан айында «Наурыз-СИМ» ЖШС құны 122,0 млн. теңге тұратын 3000 бастық мүйізді ірі қара бордақылау алаңын іске қосты.
Аудан бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының саны 1991 жылы 416 болса, 2016 жылдың 1 қаңтарына 1000-ға дейін өсіп, 240,4 пайызды құрады.
Мемлекеттік награда иегерлері
«Құрмет» ордені
2007 жыл
Өтеуұлы Хамит
2014 жыл
Сәрсенбаев Ибрагим
«Парасат» ордені
2013 жыл
Өтеуұлы Хамит
«Ерен еңбегі үшін» медалі
2009 жыл
Дабылов Қонысбай
2015 жыл
Оразалин Маратбек
Мерейлі марапаттар
2009 жыл - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының Алтын жүлде иегері «Наурыз-СИМ» ЖШС (төрағасы Ибрагим Сәрсенбаев).
2011 жыл - Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясының ІІІ-орын иегері «Алтын-Әсел» ЖШС (төрағасы Хамит Өтеуұлы)
«Ақтөбе облысының жыл адамы» атағының иегері
2009 жыл
Өтеуұлы Хамит
«Ырғыз ауданының Құрметті азаматы» атағының иегерлері
1996 жыл
Ордабаев Жалпы
2001 жыл
Қойлыбаев Ағытай
2007 жыл
Шопанов Молшылық
2007 жыл
Өтеуұлы Хамит
2013 жыл
Сәрсенбаев Ибрагим
«Ырғыз ауданының жыл адамы» атағының иегерлері
1999 жыл
Өтеуұлы Хамит
1999 жыл
Сәрсенбаев Ибрагим
2005 жыл
Өтесінов Алтайбек
2006 жыл
Ержанов Самат
2006 жыл
Сарманов Мылтықбай
2007 жыл
Бақшақбаев Тәңірберген
2007 жыл
Садықов Нақыпбай
2008 жыл
Сәтбаев Қуандық
2009 жыл
Байдаулетова Нават
2010 жыл
Смағұл Нүркен
2010 жыл
Ипанов Октябрь
2012 жыл
Сәрсенбаев Ибрагим
2014 жыл
Қияқбаева Майра
Ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларын басқарған азаматтар
1991-1997 жылдар –
Қуанышбай Кенжебаев
1997-2000 жылдар -
Мырзалы Өтемұратов
2000-2012 жылдар – Самат Ержанов
2012 жылдың сәуір айынан
Амантай Досекешов
2010 жыл – Әлібек Сарин (ветеринария бөлімі)