Дін мәселесі

Дін мәселесінің өзектілігі айтылды
Аудандық дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихаттық тобыныңмүшелері Қызылжар ауылдық округінің Құрылыс және Жаныс би ауылдарында болып, кездесулер өткізді.
Б.Алманов атындағы орта мектеп ұжымымен және ата-аналармен өткен кездесуде көптеген маңызды мәселелер ортаға салынды. Ұстаздар Қ.Бөлек, Т.Суханберлі, Н.Нұрышұлы, ата-ана Ө.Қазыбековдін мәселесі бойыншакөкейлерінде жүрген сауалдары мен пікірлерін ортаға салды. Аудандық мешіт имамы Ә.Тұяқбаев шариғат, дін мен қоғам мәселелері жөніндегі әрбір сұраққа тиянақты жауап қайтарды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әттиев дін саласындағы заңдылықтармен таныстырып, зайырлылық қағидаттарын еске салды, сонымен бірге ауыл тұрғындарын мешітке қолдау көрсетуге шақырды. Кездесуге округ әкімі Қ.Айтқұлов пен мешіт имамы А.Мырзағалиев қатысты. Ал 8-11 кластардың оқушыларымен болған кездесуде діннің адам өміріндегі орны, дін және заң төңірегінде әңгіме қозғалды. Класс жетекшілерімен дінтану пәні мұғалімінің пікірлері осындай шараларды жиі өткізу қажет деген арнада тоғысты. Мектеп директорының міндетін атқарушы Н.Қалмағанбетова кездесулердің пайдалы болғанын атап көрсетті.
Жаныс би ауылындағы Темірастау орта мектебінде өткен кездесуде ауыл тұрғындары дін мәселесіне байланысты аудандық мешіт имамынан көп жайттарға қанықты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әттиев кейбір адамдар тарапынан айтылатын негізсіз қауесет сөздерге жол бермеу қажеттігін айтты. Мектеп оқушыларымен кездесуде ақпараттық топ мүшелері баланың құқықтары мен міндеттері, қоғам және дін мәселелері жөнінде түсіндірме берді. Кездесулерге аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері С.Имантаев пен аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Айтжанов қатысып сұрақтарға жауап берді.
Отырыстар болып өтті
Жақында аудан әкімінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық кеңес отырысы болып өтті. Онда Нұра ауылдық округіндегі діни ахуал және діни кадр дайындау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Нұра ауылдық округінің бас маманы А.Спанов хабарлама жасады. Аудан әкімі М.Дуанбеков ауылдық округтегі діни ахуалдың қалыпты екендігін, дегенмен бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Округте мешітке маман дайындау ісіне жеткілікті көңіл бөлінбей отырғаны айтылды. Сонымен бірге аудан әкімі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Әттиевке алдағы уақытта округ әкімдерімен бірлесе отырып ауылдардағы қызығушылығы мен бейімі бар жастарды діни сауат алуға, теолог мамандығын игеруге бағыттауға көңіл бөлуді тапсырды.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу еліміздің әрбір азаматының міндеті. Ал жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұйымдарда бұл мәселе тіпті өзекті. Сондықтан ауданның білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы қай кезде де күн тәртібінен түспейді. Бұл туралы аудан әкімі М.Дуанбеков аудандық мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия отырысында айтты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Жүсіпов хабарлама жасап, қазіргі таңдағы атқарылып жатқан істермен таныстырды. Аудан әкімі білім бөлімінің басшысына әрбір жалпы білім беру, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдағы мемлекеттік рәміздердің заңдылықтарға сәйкестігіне мониторинг жүргізуді және заң бұзушылықтарды болдырмауды міндеттеді.