Жастар саясаты туралы ақпарат

Жастар саясаты.
Ырғыз аудандық жастар ресурстық орталығы жоспар бойынша әртүрлі бағытта аудан жастарымен тығыз жұмыс жасап келеді. Айтып өтер болсақ, ағымдағы жылы жастар ресурстық орталығы аудандық білім бөлімі, аудандық ардагерлер үйі, кәсіпкерлік палатасы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мешіт үйі, аудандық ішкі істер бөлімі және басқа да мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен бірлесіп әр түрлі бағытта кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, пікірталастар, спорттық сайыстар мен конкурстар, акциялар ұйымдастырды. Ақпан айында «Ауылым-алтын бесігім» атты аудандық жас ақындар айтысы өтті. Аудандағы жастар да «Мектепке жол» акциясына атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына киімдер мен оқу құралдарын алып берді. «Қарттарым - асыл қазынам» акциясы барысында жастар аудандағы жалғызбасты және мүгедек қарттардың үйлері мен аулаларына тазалық жұмыстарын жасап берді. Мамыр айының басында ауданымызда «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты облыстық жастар патриоттық форумы өткізілді. Форумға Ақтөбе қаласы және 10 аудан, 7 ауылдық округтен барлығы 200-ге жуық жастар қатысты. Өткізілген іс-шаралардың барлығы аудандық газетке жарияланып отырады. 19 мамырда «Дін. Жастар. Салауаттылық» тақырыбында аудандық ауқымды шара өтті. Бұл шара барысында «Ислам және зайырлы қоғам» тақырында жастармен кездесу және «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Акция кезінде концерттік бағдарлама мен жәрмеңке өткізілді.
Аудандағы жастардың саны
3903
ажырасқан жас отбасылар
4
30 жасқа дейінгі жас отбасылар
329
ата-анасының қамқорынсыз қалған жастар
12
әлеуметтік көмек алатын жастар
88
Әскерге баратын жастар:
60
көктемде
32
күзде баратындар
28
Әскерден келетін жастар:
51
көктемде
23
күзде келетіндер
28
кәсіпкерлер
28
жұмысқа орналасқандар саны
367
тіркеуде тұрған жастар
68
тіркеуде тұрмаған жастар
224
2016 ж. мектеп бітірген түлектер саны
193
мемлекеттік қызметкерлер
30
ҰБТ-ге қатысатын түлектер
126
Ырғыздың орталығында ҰБТ-ге
қатысатын түлектер
71