Ырғыз аудандық қоғамдық кеңес

Қоғамдық тыңдаудың қорытынды
ХАТТАМАСЫ
31 қазан 2019 жыл Ырғыз ауылы
Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы «19» наурыздағы №1 шешімімен тағайындалды.
Ырғыз ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қоғамдық тыңдау өткізілді. Отырысқа Ырғыз, Аманкөл, Нұра, Тәуіп ауылдық округінің әкімдері, аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Байжиенов, аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Т.Дүйсенов, учаскелік полиция инспекторы, полиция мойоры М.Әкімгерей және 12 кеңес мүшесі қатысты.
Қоғамдық тыңдауды кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде:
«Аудандағы автокөлік жолдары мен көпірлердің жай-күйі туралы»
(баяндама жасаушыға, материалдар қарау – 15 мин, сұрақ-жауап, ұсыныстар – 15 минут, қорытынды – 5 мин )
Баяндамашы: аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Байжиенов.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Байжиенов баяндама жасады (баяндама қоса тіркелді).
Сұрақтар мен ұсыныс-пікірлер:
Т.Дүйсенов: Ырғыз бен Қиылысқа дейінгі жолдың сапасы нашар, күтіп ұстауға қаржы қаралған ба?
Жауап. Ол жол ауданның меншігінде емес, республикалық меншікте. Жол мекемесіне қарайды.
М.Өтемұратов: Ауданның бюджетінен жолды күтіп ұстауға бөлінген қаржы қалай игеріліп жатыр? Жұмыстың сапасыздығына байланысты мердігерге қандай шара қолдандыңыздар?
Жауап. Аудандық жолды күтіп ұстауға бөлінген 19,9 млн.теңгеден қазіргі кезде 11 млн.теңгесі игерілді, 9 млн.теңгеге жуық қаржы жыл соңына дейін игеріледі. Мердігерге аса көп талап қоюға қаралған қаржының жеткіліксіздінен мүмкін болмай отыр.
М.Дуанбеков: Осыдан үш жыл бұрынғымен салыстырғанда қосалқы бөлшектің, жанар- жағар майдың бағасы бірнеше есеге көтерілді. Осыны ескеріп, жолды күтіп ұстауға бөлінген қаржыны алдағы жылы 2 есеге көбейту керек, олай етпесе сапалы жұмыс талап ете алмайсыздар.
А.Бейсенбайұлы: Жолды күтіп ұстайтын жауапты мекемелердің техникаларының қысқа дайындығын қарау керек. Техникалардың барлығы жарақсыз. Нұра бағытындағы 35 шақырымдағы көпірге төселген тастар дұрыс жайылмаған, қарау керек.
АБейсенбайұлы: Алдағы жылы Нұра бағытындағы жолды аудандық бюджеттен алып кетуіне байланысты, күтіп ұстауға қаржы қаралмайды. Орталық жолдың салынуына әлі біраз уақыт керек. Осы уақыт аралығында бұл мәселе қалай шешімін табады?
Жауап. Нұра бағытындағы көпірді облыстық автомобиль жолдары басқармасы қолдамады.
А.Баймұханов: Құтикөл бағытындағы 7 шақырымды дұрыс тазаламай отыр.
К.Тілеужанов: Құйлыс бағытындағы грейдерді қырып тазаламай -ақ, екі жағын тегістесе жақсы болар еді.
Ж.Төлебай: Қысқы мезгілде жол аршуға техникалар үнемі кешігіп келеді, жылдамырақ келуге ықпал жасасаңыздар. Биыл 3 рет қырып тегістеді, бірақ жол жиегіндегі шөптер қыста қарды ұстап қалады. Сапасы нашар. Қаңтардан кейін Нұра бағығытындағы жолға кім жауап береді?
Жауап. Құрметті әкім мырзалар. Сіздердің аумақтағы жергілікті маңыздағы жолды тазартып барған техниканың жұмысына назар аударып, уақытылы көңіл бөлсеңіздер, сапасы туралы сол жұмысты атқарған уақытта айту керек. Мемлекеттік сатып алу заңдылығына сәйкес, бірінші тоқсанда қазіргі мердігер «Наурыз-СИМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалғастырып жұмыс жасайды.
Р.Омарова: Қаржыны көбейткенмен сапасы сұралмаса бәрібір атқарған жұмыс нәтиже бермейді. Қаржының сапалы атқарылған жұмысқа бөлінуін талап ету керек. Осы тыңдауға бөлім басшысының қатысқаны дұрыс еді.
М.Өтемұратов: Қоғамдық кеңестің ұсынысын биліктің ескеруі сұралады. Қазіргі мердігердің атқарып отырған жұмысы халықтың көңілінен шықпайды. Басқа мердігердің болмауына жергілікті халықтың кінәсі жоқ, сондықтан аудан әкіміне алдағы жылға қаржыны 30 млн.теңгеге дейін көбейту, мердігерге талапты күшейту, төтенше жағдайдың алдын алу үшін ауданға К-700 маркалы тракторын сатып алу туралы ұсыныс осы хаттамаға енгізілуін ұсынамын.
М.Дуанбеков: Қоғамдық кеңесте тыңдалған мәселелер бойынша атқарған жұмыстары туралы жергілікті атқарушы органның келесі отырыста хабардар етіп отыруын күн тәртібіне енгізуді ұсынамын.
Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы күн тәртібіндегі мәселе бойынша шешім жобасымен таныстырды.
Шешім жобасы дауысқа қойылып, бірауыздан қабылданды.
Ырғыз аудандық Қоғамдық кеңесі Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібіндегі мәселені тыңдап, Шешім қабылдады:
1.Ырғыз аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Д.Байжиеновтің баяндамасы еске алынсын.
2. Ырғыз аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне (И.Тұртаев) қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныс пікірлерін ескере отырып:
2.1. 2020 жылдың бюджетінде жергілікті маңыздағы жолдарды күтіп ұстауға бөлінген қаржыны екі есеге дейін өсіру жөнінде нақты жұмыстар жүргізіп, шешімін табуына қол жеткізу;
2.2. Қаралған қаржы бойынша мердігермен жұмыстың сапалы атқарылуын назарда ұстау;
2.3. Жол тазалау мен жол жөндеу кездерінде бөлім маманы үнемі болуды қатаң түрде жолға қою;
2.4. Ауданның жергілікті маңыздағы жолдарын қысқы жағдайда қалыпты ұстау мақсатында жарақты техникамен қамтамасыз етілуін қатаң бақылауда болуы ұсынылсын.
3. Қоғамдық кеңестің қараша айындағы отырысында Ырғыз аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының осы хаттаманы орындауда атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалсын және жауапты мердігер компанияның өкілі қатысуын қамтамасыз ету сұралсын.
4. Шешімнің орындалуын ұйымдастыру кеңес хатшысы Н.Ақылеске тапсырылсын.
Кеңес төрағасы А.Бейсенбайұлы
Кеңес хатшысы Н.Ақылес
Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама
Аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылғы 7 ақпандағы №3 өкімімен бекітілген Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі;
Мекен - жайы: 030400, Ырғыз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №7каб. Электрондық пошта адресі: irgizmaslikhat@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 21-8-14 және 21-7-60.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылдың «8» ақпаннан бастап «21» ақпанға дейін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Ырғыз ауданы шегінде тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:
1) соттылығы болмауы;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуға;
3) психикалық ауруы, алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлық себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұруға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы өтініші.;
2) өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
Сонымен қатар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін екендігін хабарлаймыз.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауыл, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №7 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.
Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттарды ұсынған кезде Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат оған қатысты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өз келісімін береді.
08.02.2019 ж
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ
МӘСЛИХАТЫ
АКТЮБИНСКАЯ ОБЛАСТЬ
МАСЛИХАТ
ИРГИЗСКОГО РАЙОНА
ӨКІМ РАСПОРЯЖЕНИЯ
2019 жылғы «8» ақпан № 3
Жұмысшы тобын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық Кеңестер туралы» №383-V Заңының 8 бабы 1,4 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» қаулысына сәйкес, ӨКІМ ЕТЕМІН:
Аудандық деңгейде құрылатын Қоғамдық Кеңестің құрамына коммерциялық емес ұйымдардан ұсынылатын кандидаттардың және жеке азаматтардың құжаттарын қабылдап жинақтау және өңдеу үшін мына құрамда жұмысшы тобы құрылсын:
Қосаяқов Көптілеу Әбдірашұлы – аудандық мәслихат хатшысы, топ
жетекшісі
Сермағанбетов Ерғазы Абатұлы – аудандық мәслихат аппаратының
басшысы, жұмысшы тобының
хатшысы
Кенжебаев Қуанышбай Мергенбайұлы – аудандық ардагердер кеңесінің
төрағасы, топ мүшесі
Өмірбеков Арыстанғали – зейнеткер, топ мүшесі
Тұртаев Ақалмас Қанатбайұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы,
топ мүшесі
Оразмағанбетова Балдырған Сақиқызы – жеке кәсіпкер, топ мүшесі
Байдаулетова Нават Рафаэльқызы – жеке кәсіпкер, топ мүшесі
Итібаев Болат Мырзабекұлы – Төлем орталығының директоры,
топ мүшесі
Ырғыз аудандық
мәслихатының хатшысы: К.ҚОСАЯҚОВ
07.02.2019 ж
БАҚЫЛАУШЫЛАР ТІЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ ІРІКТЕУ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Ырғыз ауданы қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс ұйымдастыруға байланысты бақылаушылар тізімін іріктеу жүргізіледі.
Конкурсқа бақылқаушылардың қатысулары үшін құжаттар қабылдау мерзімі аталмыш хабарландыруды жариялау күнінен бастап он күнтізбе күнін құрайды.
Жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысу үшін ниет білдірген тұлға Қоғамдық кеңесті қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа бақылаушы ретінде қатысу үшін қосымшаға сәйкес нысанда өтініш ұсынады.
Өтінішті мына пошталық мекен-жайға жіберу қажет: 030400 Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №7 каб., немесе irgizmaslikhat@mail.ru электрондық поштасы. Ақпарат үшін телефон: 8 (713 43) 21760.
07.02.2019 ж
Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс өткізу туралы хабарлама
Аудандық мәслихат хатшысының 2019 жылғы 7 ақпандағы №3 өкімімен бекітілген Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдірген коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Атауы: Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесі;
Мекен - жайы: 030400, Ырғыз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №7каб. Электрондық пошта адресі: irgizmaslikhat@mail.ru
Анықтама үшін телефон: 21-8-14 және 21-7-60.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2019 жылдың «8» ақпаннан бастап «21» ақпанға дейін.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар: Ырғыз ауданы шегінде тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:
1) соттылығы болмауы;
2) заңда белгіленген тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуға;
3) психикалық ауруы, алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлық себебі бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұруға міндетті.
Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы өтініші.;
2) өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кандидаттың кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер.
Сонымен қатар, «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін екендігін хабарлаймыз.
Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Құжаттарды коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтар жазбаша түрде Ырғыз ауыл, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №7 каб. мекен-жайы бойынша, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін, белгіленген мерзімде мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағышта ұсынады.
Конкурстық іріктеу үшін қажетті құжаттарды ұсынған кезде Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат оған қатысты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге өз келісімін береді.
23.01.2019 ж
Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі
жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсты өткізу туралыхабарлама
Ырғыз аудандық мәслихаты, Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының мүшелігіне конкурстық іріктеуден өтуге ниет білдіруші, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтардың арасында конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:
1) бекітілген нысан бойынша өтініш;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатураны (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін жұмыс тобының отырысына коммерциялы қемес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасынан байқаушылар қатыса алады.
Бақылаушылардың тізімін қалыптастыру және бақылаушы ретінде жұмыс тобының отырысы нақатысу үшін бақылаушы болуға ниет білдірген тұлға бекітілген нысан бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа бақылаушы ретінде қатысу үшін өтініш береді.
Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан және байқаушылардан құжаттар 2019 жылғы «24» қаңтардан бастап «6» ақпанға дейін жазбаша түрде Ырғыз ауданы, Ы.Алтынсарин көшесі 7, №8 каб.мекен-жайы бойынша қабылданады. Сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, анықтама үшін телефон: 218-14 және 21-7-60, электрондық пошта: irgizmaslikhat@mail.ru
1. Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына қосу үшін кандидатураны беру туралы өтініш.
2. Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа бақылаушы ретінде қосу үшін кандидатураны беру туралы өтініш.
3. Ырғыз ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына БАҚ-тан байқаушы ретінде қосу үшін кандидатураны беру туралы өтініш.
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Ырғыз аудандық мәслихаты сессиясы төрағасының
ШЕШІМІ
2018 жылғы « 28 » желтоқсан №33 Ырғыз ауылы
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясы 2019 жылғы 10 қаңтарға сағат 10:00-ге шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:
1. Ырғыз ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
Хабарламашы: К.Қосаяқов - аудандық мәслихат хатшысы.
2. Ырғыз ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.
Хабарламашы: К.Қосаяқов - аудандық мәслихат хатшысы.
Аудандық мәслихаттың
сессия төрайымы: Г.Бақтыбай