"Құмтоғай ауылдық округі әкімі аппараты" ММ

ҚҰМТОҒАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ
Кезінде мұнда Киров атындағы ұжымшар (1950), Калинин кеңшарының бөлімшесі (1957) болған. 1985 жылы «Киров» кеңшары құрылды. 1985 жылы сол кездегі Калинин атындағы кеңшардан бөлініп, қысқа мерзімнің ішінде кеңшар орталығында 70 тұрғын үй, мектеп, интернат, МТМ, фельдшерлік пункт, пошта бөлімшесі, аралас дүкен пайдалануға берілді.
Орталығы - Құмтоғай селосы. Жер көлемі 194272 га, одан егістік 1279 га. Халқы – 1117. Оңтүстігінде Қызылжар селолық округімен, батысында Әйтеке би ауданының Талдық селолық округімен, солтүстігінде Аралтоғай селолық округімен, шығысында Басқұдық, Ақкөл селолық округімен шектеседі. Ауданаралық көтерме жол бар.
Кезінде 16 адам КСРО ордендері мен медальдарына ие болған. Социалистік Еңбек Ерлері Ө. Құдайбергенов, О.Жұмабаев, С.Көшкінбаев, Ж.Ордабаев, А.Рысбаев, Қ.Шегебаевтар қызмет істеген.
Құмтоғай селолық округінің қарамағында үш елді мекен - Құмтоғай, Қарақұдық (бұл екеуі жаңадан салынған) және Қарасай ауылдары, Дуана, Басауыл, Қасқырбай, Қыдыр, Баймолда, Кетік, Сағынбай, Ақөтас, Қаракөл, Жолқұлау, Үшпора, Қияқты, Назаралы, Жаскелең, Байтемір, Кішкенесор, Тоқымтыққан сияқты 17 мал қыстақтары бар. Өзендері: Аққұдықсай, Көксай, Шағырсай, Бұлақ, Талдық, Ұлы Талдық, Бала Талдық, Ащысай, Төлесай. Көлдері: Ыскөл, Қамысты көл, Сасықсор, Астаусор, Бұлақтысор, Шектібай. Биіктіктері: Бесмола (255), Аралбай (210), Сатай, Серғазы. Құмдар: Сарықұм, Қояншағыл. Бұл өңірде Келемеш, Мұқаш, Тұяқбай мазарлары, Назар тамы, Аралбай, Жабы, Егіс, Күреңәже, Күсен, Қоскемпір, Сатай, Сарықазы, Сарыишан, Теңізбай бейіттері бар.
Бүгінде селолық округ бойынша бір орта, екі негізгі мектеп, екі клуб, бір кітапхана, дәрігерлік амбулатория, екі ФП, екі пошта, телекоммуникация торабы, электр желілері мекемесі, екі ЖШС, 22 шаруа қожалықтары, алты дүкен, мейрамхана, минимаркет, «Еңбек Даңқы», Боздақтар алаңы, орталық стадион, машина жөндеу шеберханасы бар. 2003 жылы Құмтоғай селосы облыс бойынша «Үздік ауыл» атағын иеленді.
1994 жылы «Киров» кеңшары бөлініп ұжымдық кәсіпорын, өндірістік кооператив, бүгінде асыл тұқымды қой өсіретін «Алтын-Әсел» ЖШС-не айналды.
ҚҰМТОҒАЙ - Ырғыз ауданының солтүстік-батысындағы ауыл. Ырғыз өзені бойында орналасқан. Аудан орталығынан 120 км, Ақтөбеден 325 км. 1985 жылдан «Киров» кеңшарының, қазір Құмтоғай ауылдық округінің орталығы. Ауылда 597 адам тұрады. 4 дүкен, клуб, дәрігерлік амбулатория, кітапхана, пошта, АТС, телеорталық, дәріхана, Құмтоғай орта мектебі жұмыс істейді. 1985 жылдан бастап аудан орталығынан ауыл ішіне АТС жүйесі іске қосылып, телефон байланысы орнатылды. Самара-Шымкент тас жолы Құмтоғай ауылынан 25 км.
ҚАРАСАЙ – Құмтоғай ауылдық округіне қарасты елді мекен. Қарасайда 249 адам тұрады. Қарасай негізгі мектебі жұмыс жасайды. Байтемір, Қияқты, Жаскелең, Дуана, Басауыл мал қыстақтары бар.
ҚАРАҚҰДЫҚ – Құмтоғай ауылдық округіне қарасты елді мекен. Ырғыз өзенінің шығыс жағында орналасқан. Құмтоғай ауылынан 16 км, Самара-Шымкент тас жолынан 9 км қашықтықта орналасқан. 271 адам тұрады. 1985 жылғы 1 қаңтардан бұрынғы Калинин атындағы кеңшардың 4-бөлімшесінің ізімен құрылып, «Киров» кеңшарының 2-бөлімшесі болды. Қарақұдық негізгі мектебі, малшы-шопандардың балаларына арналған интернат жұмыс жасайды. Елді мекенде дүкендер, мектеп-балабақша бар.
«Құмтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
«Құмтоғай ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген тәртіпте мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкімет актілері, облыс әкімінің, әкімдігінің және Ырғыз ауданы әкімі мен әкімдігінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілері және Ереже негізінде жүзеге асырады.
Ауылдық округ әкімі аппараты туралы ақпарат
Мекен-жайы
030408 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Құмтоғай селосы
О.Жұмабаев көшесі 8-үй
Байланыс телефондары (8-713-43)
--- а/о әкімі E-R-1 73-4-014
Сұлтамұратова Роза Зейінқызы Бас маман Е-G-3 73-4-05
Нұрғали Ғабит Досымұлы Бас маман Е-G-3 73-4-05
Әбдіғалиева Шәмшәгүл Әлмырзақызы Жетекші маман Е-G-4 73-4-06
Факс 73-4-05
Ауылдық округ әкімінің қабылдау уақыты
Әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 15.00-17.00 аралығы
ӘЛІБЕКҰЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ
Құмтоғай ауылдық округінің әкімі
1984 жылы 2 желтоқсанда Ырғыз ауданы Коминтерн ауылында туған.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы – заңгер.
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ҚҰҚЫТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң құзыретi
Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;
4-1) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
7) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;
12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;
12-2) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;
12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;
12-4) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;
12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;
13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;
15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
17) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерiн қоспағанда, мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;
19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
20) елдi мекендердi абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
21) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
22) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
1-1. Ауыл, ауылдық округ әкiмiнiң құзыреттерiне аудан орталығымен көлiк қатынасын ұйымдастыру жөнiнде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгiзу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткiзiп салуды ұйымдастыру да жатады.
1-2. Облыстық маңызы бар қалада аудандар болмаған жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген функцияларды облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi жүзеге асырады.
1-3. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;
2) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi көлемдерiн айқындайды;
3) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;
4) берiлген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
5) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;
6) басқаруына берiлген коммуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;
7) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;
8) кiрiс көздерiн қалыптастырады;
9) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмдердiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;
10) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;
11) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;
12) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
3. Аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының алдында жауап бередi.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң құқықтары
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;
8-1) мемлекеттiк орган оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға немесе тағылымдамаға жiберген жағдайда жұмыс орнының (лауазымының) сақталуына;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi, қабiлетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;
11-1) өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың анық жағдайлары туралы өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына жеткiзген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және өзге де қорғалуға;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округ әкiмiнiң негiзгi мiндеттерi
1)Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;
3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
4-1) лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде бейтарап және саяси партиялардың, дiни және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiнен тәуелсiз болуға;
5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;
6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;
7) қызмет этикасы нормаларын сақтауға;
8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға;
12) өздерiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздерi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының назарына немесе құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға;
13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға;
14) оқуды аяқтағаннан кейiн өздерiн жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламалары бойынша мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде оқуға жiберген мемлекеттiк органда, сондай-ақ мемлекеттiк қызметте тiкелей жұмысты өтеуге мiндеттi. Оқу және жұмысты өтеу мерзiмдерi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ережеде айқындалады.
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтің әкімдері төрт жыл мерзімге сайланады.