"Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

СЕМБІ МАРАЛ ШЫМАҰЛЫ
Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (санаты Е-R-1)
Бөлім туралы ақпарат:
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын аудан әкімі аппаратының уәкілетті органы болып табылады.
Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және қау-лыларын, Үкімет қаулыларын, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі коллегиясының қаулылары мен бұйрықтарын, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырмаларын, облыс, аудан әкімінің шешімдерін және Ережені басшылықка ала отырып, жүзеге асырады.
Электронды поштасы
irgizsobez@mail.ru
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Жаманмұрынов көшесі 24-үй
1, 2, 3 -кабинеттер
Байланыс телефондары (8-713-43)
Сембин Марал Бөлім басшысы Е-R-1 21-4-81
Қайыров Жомартбек Қайырұлы Бас маман Е-R-4 21-6-50
Сарина Мәдина Әлібекқызы Бас маман Е-R-4 21-8-95
Жұмағұлова Мереке Есентайқызы Бас маман Е-R-4 21-4-23
Бектұрғанова Гүлнара Қайырханқызы Бас маман Е-R-4 21-4-23
Факс 21-8-95
Бөлім басшысының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 10.00-12.00 аралығы
4-кабинет
Функционалдық міндеттері:
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөнінде түскен құжаттарды есепке алу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, жергілікті бюджеттен тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшін тапсырылған табыстар туралы берілген құжаттардың дұрыстығына қарама-қарсы тексеру жүргізеді, тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы әлеуметтік көмек көрсету және есебін жүргізу, еңбек рыногы жайында талдау жасау және болжау осының негізінде тұрғындарды жұмыспен қамту, ағымдағы және перспективадағы бағдарламасына ұсыныстар әзірлейді, оның іске асырылуын қамтамасыз ету, еңбек рыногы жөнінде мәлімет базасын қалыптастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастырады, тұрғындарды жұмыспен қамтудың аумақтық бағдарламасын іске асырады, мақсатты топтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді, жұмысқа орналастырудың республикалық және аумақтық бағдарламасын іске асырады. Бөлім көрсететін мемлекеттік қызмет түрлерінің бекітілген стандарттары мен регламентерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Аудан әкімі мен әкімінің орынбасарына азаматтардың жұмыспен қамтылуы, олардың әлеуметтік жағдайы жөнінде ақпараттар дайындайды.