«Ырғыз аудандық Құрылыс, сәулет,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі » ММ

ТҰРТАЕВ ИГОРЬ БАКИҰЛЫ
Ырғыз аудандық Құрылыс, сәулет,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (санаты Е-R-1)
Туртаев Игорь Бақиұлы 1977 жылы 2 маусымда Ырғыз ауданы Құйлыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2008 жылы Алматы экономика және статистика академиясының қаржы мамандығы бойынша бітірген.
1994-1997 жылдар аралығында Ақтөбе политехникалық колледжінде оқыған.
1997-2000 жылдар аралығында Тәуіп ауылдық округі, Құйлыс орта мектебінде мұғалім.
2000-2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарында әскери борышын атқарған.
2002-2005 жылдар аралығында Тәуіп ауылдық округі, Құйлыс орта мектебінде мұғалім.
2005-2006 жылдары Ырғыз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, 2006-2007 жылдары Ырғыз аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, 2007-2008 жылдары Ырғыз аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.
2008-2012 жылдар аралығында Ырғыз селолық округі әкімінің орынбасары.
2012-2015 жылдар аралығында Ырғыз аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен 2017 жылдың 10 қаңтары аралығында Ырғыз аудандық мәслихат аппаратының бас маманы.
2017 жылдың 10 қаңтарынан осы уақытқа дейін Ырғыз аудандық құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, отбасында әйелі және 4 баласы бар.
Бөлім туралы ақпарат
«Ырғыз аудандық Құрылыс, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудан орталығын қоса алғанда, нысандар құрылысын, ауданның елді мекендерінде құрылыс, аумақтарда құрылыс салу және сәулет саласында мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын жүргізетін өкілді атқарушы орган.
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері және тұрғын-үй шаруашылығы жөніндегі комитетінің қаулылары мен бұйрықтарына, облыстық құрылыс департаментінің актілеріне, облыс, аудан әкімінің, әкімдігінің актілеріне, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Электронды поштасы
stroitelstvo12@mail.ru
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Алтынсарин көшесі 12-үй
315, 317-кабинеттер
Байланыс телефондары (8-713-43)
Тұртаев Игорь Бакиұлы Бөлім басшысының Е-R-1 21-7-55
Байжиен Дәурен Сәндібекұлы Бас маман Е-R-4 21-8-56
Дербісов Айдос Жолжанұлы Бас маман Е-R-4 21-8-56
Тулкибаева Гулнур Махмутовна бас маман Е-R-4 21-8-56
Бердібай Тоқтар Нұрлыбекұлы Жетекші маман Е-R-5 21-8-54
Факс 21-7-55
Бөлім басшысының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 15.00-17.00 аралығы
317-кабинет
Мекеменің атқаратын функциялары:
Ырғыз ауданының аумағында сәулет, мемлекеттік құрылыс саясатын жүргізу;
1)аудандық жоспарлау жобаларына, бас жоспарларға, ауданның жоспарлау жобаларына сәйкес аумақтарда қала құрылысын игеру және елді мекендерде құрылыс салу, бойынша әзірлеуді ұйымдастыру және қызметті үйлестіру, елді мекендер аумағында инфрақұрылымды дамыту және құрылыс қызметін жүзеге асыру;
2)аудан елді мекендерінде инженерлік және көлік инфрақұрылымдарын салудың және абаттандырудың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау, республикалық (орталық органдардың тапсырыстарынан тыс) және жергілікті бюджеттердің қаржысы есебінен іске асырылатын құрылысқа бірыңғай тапсырысшы қызметін атқару;
3)аудандық маңызы бар нысандар мен кешендерді орналастыру бойынша аудан әкіміне ұсыныстар дайындау, құрылыс саласында ауданды дамытудың жылдық жоспарын жүзеге асыру, құрылыс, коммуникация және көркейту саласындағы аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің құрылыс саясатын енгізу, сол сияқты тұрғын үйлер салуға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны игеру қызметін жүзеге асыру, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық нысандар құрылысының, тұрғындарды әлеуметтік қызметтің ең төменгі деңгеймен қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын ұйымдастыру, басқа да заңға қайшы келмейтін қызметтерді атқару.
4)тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы қолда бар ғимараттар мен имараттарды өзгертуге (қайта жобалау, қайта жабдықтау) келісім рәсімдерін жүргізу;
5)кәсіпорындар, тұрғын үй құрылыстары, рекреациялық және қордағы аймақтарды, трассалар мен инженерлік желілер, инженерлік және көлік инфрақұрылымдары нысандары аумақтарының геодезиялық суретін түсіруді ұйымдастыру;
6)жер участкелерінің шекараларын нақты бөлу және ғимараттар мен ғимараттардың бөлінген белдіктерін алып шығу;
7) құрылыс салудың кезекші жоспарын жүргізу;
8)қызыл сызықтарды әзірлеу мен келісу;
9)ауданның бас сәулетшісі қызметінің тарапынан бас жоспарлар мен басқада қала құрылысы құжаттамаларының жүзеге асырылыуын, облыстық құрылыс салу ережелері талаптарының орындалуын бақылау;
10) құрылысқа жер учаскелерін бөлу және кесіп беруді рәсімдеу;
11)сәулеттік-жоспарлау (СЖТ) тапсырмаларын дайындау және табыс ету, олардың орындалуын бақылау;
12)аумақтардың сервитуттары туралы ақпараттың тұтынушыға (пайдаланушыға) ашық болуы үшін автоматтандырылған ақпарат жүйесін іріктеу, тіркеу, сақтау және беру мақсатында жүргізу;