«Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

ӘТТИЕВ МИРХАН АМАНГЕЛДІҰЛЫ
Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы (санаты Е-R-1)
М.А.Әттиев 1974 жылы 23 ақпанда Ырғыз ауылында туған. Білімі жоғары. 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын сурет және сызу пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Ырғыз орталау мектебінде мұғалім болып бастаған.
2003-2008 жылдары аудан әкімі аппаратының әлеуметтік сала және мәдени даму бөлімінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасаған.
2008-2014 жылдары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің, құжаттамалық қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2014 жылдың 1 шілдесінен бастап аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып қызмет жасайды.
Отбасылы: отбасында әйелі, 4 баласы бар.
Бөлім туралы ақпарат:
«Ырғыз аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі саясат саласындағы мемлекеттік басқару құзыретін жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады. Бөлім өзінің қызметін Қазакстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкіметтің, облыс, аудан әкімдіктері мен әкімдерінің, облыстық ішкі саясат департаментінің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Электронды поштасы
saiasat_irgiz@mail.ru
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Алтынсарин көшесі 12-үй
211, 216-кабинеттер
Байланыс телефондары (8-713-43)
Әттиев Мирхан Амангелдіұлы Бөлім басшысы Е-R-1 22-1-00
Қойайдарова Гүлжайнар Кеңесбайқызы Бас маман Е-R-4 21-2-88
Жетекші маман Қайнадин Дулат Нұрханұлы (санаты Е-R-5) - 21-2-88
Факс 21-2-88
Бөлім басшысының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 14.00-17.00 аралығы
216-кабинет
Функционалдық міндеттері:
Бөлімді жалпы басқару жұмысын үйлестіреді, басқарады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы бойынша жауаптылықта болады. Ауданда ішкі саясаттың жүзеге асырылуын қадағалайды, насихаттайды. Ауданда болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму тенденциясын талдайды және қорытады, аудандағы қоғамдық-саяси, мәдени шараларды ұйымдастырады, шаралардың өтуін қадағалайды. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясының, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын түсіндіреді және насихаттайды; қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық саяси және діни ұйымдармен, кәсіпорындармен, кәсіподақтармен, жұртшылық өкілдермен өзара байланыста болады, Қазақстан Республикасының заңдарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады, аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты жүргізуде орындау жөніндегі қызметін ұйымдастырады. Сайлау мен референдумдар өткізу жөніндегі шараларды жүргізеді. Аудан әкімі мен әкімнің орынбасарына ауданда ішкі саясаттың жүзеге асырылуы туралы ақпараттар дайындайды.