«Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

ЕРАЛИН АРАЛБАЙ ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ
Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
(санаты Е-R-1)
1969 жылы 5 қаңтарда Ырғыз ауданы Құтикөл селосында туған. Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлер институтын бітірген. Мамандығы – инженер-мелиоратор.
Бөлім туралы ақпарат:
«Ырғыз аудандық жер қатынастары бөлімі» Ырғыз ауданы аумағындағы жер қатынастары мәселелерін реттеу саласында басшылық жасауға өкілеттік берілген мемлекеттік мекеме болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Зандарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің қаулыларын,
басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Ережені басшылыққа алады.
Электронды поштасы
Мекен-жайы
030400 Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ырғыз селосы
Алтынсарин көшесі 12-үй
314, 316-кабинеттер
Байланыс телефондары; 8/71343/21499, 8/71343/21061
Ералин Аралбай Төлепбергенұлы Бөлім басшысы Е-R-1 21-4-99
Бақытқали Азамат Бақытқалиұлы Бас маман Е-R-4 21-0-61
Жакенова Акбупе Елкеевна Жетекші маман Е-R-5 21-0-61
Факс 21-4-99
Бөлім басшысының қабылдау уақыты және орны
Әр аптаның бейсенбі күндері сағат 10.00-12.00 аралығы
316-кабинет
Бөлімнің атқаратын функциялары
- басқада табиғат қорғау шараларының кешенінде жерді ұтымды пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аудандық бағдарламаларды әзірлеп, тиісті өкілді органның бекітуіне енгізу және олардың орындалуын қамтемесіз ету;
- жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту және жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
- елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
- жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;
- ауылшаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
- жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Көрсетілетін қызметтер:
Жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекіту актісі
Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру
Iздестіру жұмыстары үшiн жер учаскесін қолдануға рұқсат беру